Швейцарияда нәсілшілдік күшейді: 6 адамның біреуі нәсілдік кемсітушілікке ұшырайды
(last modified Thu, 02 May 2024 16:34:13 GMT )
Maм 02, 2024 22:34 Asia/Almaty
  • Швейцарияда нәсілшілдік күшейді: 6 адамның біреуі нәсілдік кемсітушілікке ұшырайды

Соңғы жылдарда Швейцарияда нәсілшілдік әрекеттер көбейе түсті. Осыған қатысты алғашқы ақпараттар жұмыс орындарына емес, мектептерге қатысты болды.

11 жасар бір оқушы сабақ кезінде нәсілшілдік сипаттағы қорлыққа ұшыраған. Оқушылар қара нәсілді бір баланы техникалық бөлмеге қамаған.  Сыныптастары оған нәсілшілдік сипаттағы сөздер айтқан. Полиция себепсіз адам өлтіруге барған.   

Осы жайттардың барлығы Адам құқығы ұйымы мен Нәсілшілдік туралы кеңестің әріптестігімен Нәсілшілдікке қарсы федералдық комиссияның  Швейцариядағы нәсілшілдік жағдайы туралы соңғы есебінде айтылған.

Осы есеп бойынша, 2023 жылы нәсілшілдікке қатысты 876 жайт тіркелген. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 24 пайызға көп.

Оқу орындарында тіркелген жайттардың көбі қара нәсілділерге қатысты.

Бір сауалнама нәтижесі бойынша, Швейцарияда өмір сүретін 6 адамның біреуі өткен бес жылда нәсілдік кемсітушілікке ұшыраған.

Нәсілшілдікке қарсы күрес агенттігі тарапынан жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, халықтың 17 пайызы, яғни 1 млн 2 мың адам нәсілдік кемсітушілікті бастан өткергенін айтқан.

Нәсілдік кемсітушілікке ұшырайтындардың көбі – 15-39 жас аралығындағы адамдар. Нәсілдік кемсітушілік өмірдің барлық салаларында орын алады. Сауалнамаға қатысқандардың 69 пайызы күнделікті өмірде және жұмыс іздеу барысында нәсілдік кемсітушілікке ұшырағанын айтқан.

Мұнымен қоса, сауалнамаға қатысқандардың 30 пайызы қоғамдық орындарды, 27 пайызы мектептерді нәсілдік кемсітушілік көрсетілетін жер деп атады.  

Бұдан бұрын БҰҰ-ның бір жұмыс тобы "Швейцарияда қара нәсілділер күнделікті өмірде және полиция тарапынан нәсілшілдік кемсітушілікке ұшырайды. Осы елде тегі африкалық азаматтардың адам құқығы жағдайы және оларға қатысты нәсілдік кемсітушіліктің көбейгеніне алаңдап отырмыз" деп мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ,  59 баптан тұратын бір құжатта Швейцарияда қара нәсілділердің бетпе-бет келіп отырған түрлі қиыншылықтары, соның ішінде полицияның қатыгездігі баяндалған.

Дереккөзі:

More and more racist incidents reported in Swiss schools , 2024 , swissinfo