Maм 03, 2024 21:30 Asia/Almaty
  • Нигер Сауда және өнеркәсіп министрі: Иран Африка елдері үшін бір үлгіге айналды

Нигер Сауда және өнеркәсіп министрі Иранның әртүрлі салаларда, соның ішінде ғылым, технология, инженерлік-техникалық қызмет салалардағы жетістіктерін мадақтап, өз елінің Иранмен ынтымақтастықты тереңдетуге ынталы екенін айтты.

Нигер Сауда және өнеркәсіп министрі Малам Сидху Асман Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабына қарасты "Саһаб" желісінің Hausa TV арнасына берген сұхбатында Иранның Африка елдерімен қарым-қатынасын нығайтуға талпыныстарын мадақтап: "Иран бүгінде Африка елдері үшін бір үлгіге айналды. Ол су, егіс алқаптары, мал-мүлік, мұнай, алтын және т.б. байлыққа ие",-деді.

Малам Сидху Асман зұлым санкцияларға қарамастан Иранның ғылыми дамуына тоқталып: "Иран – Батыстың жарнамасына керісінше даму үстіндегі тәуелсіз ел",-деді.

Нигер Сауда және өнеркәсіп министрі: "Иранға сапардан көрген нәрсем Батыс медиа машинасының Иран туралы ақпаратына мүлде керісінше",-деді.

Нигер Сауда және өнеркәсіп министрі осы сұхбатта: "Тараптар арасында қол қойылған келісімшарттар тез арада орындалады",-деп үміт білдірді.  

Малам Сидху Асман Иран мен Африканың екінші халықаралық форумына қатысу үшін Теһранға келді. Бұл форум 26 сәуірде Теһранда 30 африкалық ел басшыларының қатысуымен өтті.

Нигер Сауда және өнеркәсіп министрінің Теһранға сапары 1 мамырда Iran Expo-2024  көрмесін тамашалаумен аяқталды.  

Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін Африка әрдайым Иранның сыртқы саясатының басты басымдықтарының бірі болып келеді.  

Тегтер