Maм 05, 2024 22:01 Asia/Almaty
  • Иранда Туде Коммунистік партиясының  таратылған себептері

Иран Ислам революциясының жеңісінен кейін шах режимі кезінде тыйым салынған Туде партиясының қызметі отыз жылдан кейін кеғжанданды. Бірақ бұл партияның мүшелері Кеңес Одағының Ирандағы заңсыз мүдделерін қамтамасыз етуге тырысты. Тыңшылық, төңкеріс әрекеттері және Иранға шабуылдан кейін Ирактың Баас режимін құтқару үшін Кеңес Одағымен ынтымақтастық ету оның әрекеттерінен болды.

Иранның Туде партиясы 1320 (х.ш.) жылы коммунистік идеалдармен құрылды. Бірақ көп ұзамай бұл партияның Ирандағы Кеңес Одағының агенті және жалдамалы әскеріне айналды және осы себепті Иранның мұсылман халқы оны ешқашан құптаған жоқ. Туде партиясы Иранның мұнай өнеркәсібін ұлттандыру процесіне опасыздық жасап, тепе-теңдік орнату үшін оңтүстіктен Англияға мұнай беру үшін Иранның солтүстігіндегі мұнайды Кеңес Одағына беруді талап етті.

Иран Ислам революциясының жеңісінен кейін шах режимі кезінде тыйым салынған Туде партиясының қызметі отыз жылдан кейін қайта жанданды. Бірақ бұл партияның мүшелері Ирандағы кеңестердің заңсыз мүдделерін, соның ішінде олардың пайдасына тыңшылық жасауды қамтамасыз етуге тырысты. Осылайша, Туде партиясының жетекшілерінің ашық мойындауларында бұл партияның Кеңес Одағымен ынтымақтастығы расталды және тіпті Теһрандағы Кеңес елшісі Туде партиясының орталық комитетінің шешімдерін ақыры мақұлдады деген болжам жасалды. Осы мойындаулар мен қауіпсіздік күштерінің Ислам Республикасына қарсы қастандықтағы Кеңес Одағының рөлі туралы алған мәліметтерінен кейін, әсіресе Кеңес Одағының Иранға қарсы соғыста Саддамға үлкен қолдау көрсеткенін ескере отырып, Кеңес Одағының Ирандағы елшілігінен он сегіз адамды шығарып жіберу бұйрық берілді.

Кеңес Одағы Иранда өз мақсаттарына жете алмаған соң, өзінің ішкі агенттерінің армиядағы ынтымақтастығымен Ислам республикасын құлату үшін қастандық жасауға қатысты. Бірақ армия мен қауіпсіздік күштеріндегі ирандық азаматтардың қырағылығымен бұл қастандық залалсыздандырылды.

Иран   қайраткерлері 1361 жылы Кеңес Одағының Иран Ислам Республикасына қарсы төңкеріс жоспарындағы Иран Туде партиясының рөлін әшкерелегеннен кейін бұл партияның одан әрі әрекетін жүйенің мүдделеріне қайшы деп анықтады және Туде партиясының таратылуын жария етті.

Туде партиясының жетекшілерінің бірі Нуруддин Кянури былай дейді: «Біздің ойымызша, бұл заң бұзушылықтар өте ауыр. Шпиондық-сатқындық бұзушылық аясында барлығы оған кіреді және оның ауырлығы сонша, менің ойымша, Ислам республикасы осы бұзушылықтар үшін ең ауыр жазаларды [қолдануға] құқылы».

1979 жылғы Иран Ислам революциясы мен Иранда Ислам Республикасы құрылғанға дейін Ирак Шығыс блокқа (Кеңес), Иран Батыс блокқа (Америка) тиесілі болды. Кеңес Одағы Ирактың Иранды жеңуімен Иран Шығыс блок елдерінің қатарында болады деп ойлады. Кеңес Одағы Иракқа әскери техниканың ең ірі экспорттаушысы болды.

 

Тегтер