Италиялық дипломат: АҚШ әлемдегі өзгерістерті түсінуде түйткілге ұшырап отыр
(last modified Sun, 05 May 2024 16:17:35 GMT )
Maм 05, 2024 22:17 Asia/Almaty
  • Италиялық дипломат: АҚШ әлемдегі өзгерістерті түсінуде түйткілге ұшырап отыр

Middle East Eye басылымы бір еуропалық дипломатқа сілтеме жасап: "АҚШ әлемдегі шынайы оқиғалармен байланысын үзіп алды. АҚШ-тың барлау ұйымдары әлемдік жағдайға қатысты қисынсыз дәлелдер келтіреді",-деді.

Италиялық дипломат әрі осы елдің Ирактағы елшісі әрі осы ел үкіметінің Батыс Азиядағы бейбітшілік үдерісін арнайы үйлестірушісі Марко Корнелиус Middle East Eye басылымына жазған сараптамасында: "АҚШ-тың барлау қызметі әдемдік қоқан-лоқылар туралы өзінің жылдық сараптамасын жариялады. Бұл құжат – АҚШ ОББ, Ұлттық қауіпсіздік агенттігі, Федералдық зерттеулер кеңесі және басқа да агенттіктер тарапынан жүргізілген сараптамалар мен көзқарастардың жиынтығы",-деп жазды.

АҚШ барлау қызметі дайындаған құжатының бір бөлігінде былай делінген:

"Келер жыл барысында АҚШ қыл үстіндегі жаһандық жүйемен бетпе-бет келеді. Ірі алпауыттардың стратегиялық бәсекелестігі жылдамдай түсіп, болжауға келмейтін күрделі трансұлттық сын-қатерлер мен ауқымды салдары бар бірнеше аймақтық қақтығыстар болады".

Құжаттың жалғасында: "Қытай, Ресей мен Иран сияқты кейбір аймақтық алпауыттар мен мықты мемлекеттік емес ойыншылар халықаралық жүйенің бұрынғы ережелері мен АҚШ-тың басымдығын түйткілге ұшыратады",-делінген.

Бұл құжатта Иран, Ресей мен Қытай халықаралық жүйені түйткілге ұшырататын "дұшпан елдер" деп аталған.

Мұндай талдау таң қалдырмайды. Өйткені бұл көп жылдар бойы АҚШ саясатының ұраны болды. Мәселе мынада: бұл есепте қай ережелерге сілтеме жасалғаны анық емес. БҰҰ Жарғысында және оның конвенцияларында немесе АҚШ бастаған әлемдік тәртіпте қамтылған халықаралық құқықтарға сілтеме жасалғаны белгісіз. Басты мәселе мынада: АҚШ-тың саяси құрылымы мен оның негізгі батыстық одақтастары үшін ешқандай айырмашылық жоқ. Олар қатты қателеседі.

Бұл америкалық менталитет неолибералдық идеологияға және екіқырлы стандарттарға негізделген. Газадағы апат осы идеологияның ең айқын және соңғы үлгісі болып табылады. Мұны мынадай бейресми ұранмен қорытындылауға болады:

"Менің достарыма бәрі рұқсат, дұшпандарыма заң".

АҚШ тарихты қабылдауы тиіс

АҚШ барлау қызметінің есебінде Қытай, Ресей, Иран және мемлекеттік емес ойыншылардың біразының (Ливан Хизбулласы, Палестинаның ХАМАС-ы, Йеменнің Ансаролласы) айыпталатыны таңданыс тудырмайды. Мұндай сұрқия қатынас "Әлемнің оңтүстігі" атты елдердің көбі тарапынан қабылданбайтыны былай тұрсын, керісінше түйткілге ұшырайды немесе кемінде ашу-ыза тудырады. Еуропа мен Шығыс Азия елдерінің аз ғана бөлігі "АҚШ-тың үстемдігі – халықаралық жүйенің алғышарты" деп санайды. Әлемдік жүйе бірполярлық құрылымнан көпполярлыққа өзгеріп жатыр. Тарихта талай империя құрылып, артынан құрдымға кетті. АҚШ саясаткерлері өздерін тарихтың осы ережелеріне бейімдегені дұрыс болар еді.

Олар қазір жолайрықтың алдында тұр: Не тарихтың үкімін қабылдауы тиіс. Ұлыбритания 1945 жылдан бастап біртіндеп жасағандай. Немесе оған төтенше қарсы тұруы керек.  

Бұл есепте Газа дағдарысына сілтеме жасау америкалық барлау агенттіктерінің шындыққа жанаспайтын көзқарастарын айқынырақ көрсетеді. Құжаттың бір бөлігінде былай делінген: "Газадағы дағдарысқа қараңыздаршы: оны ХАМАС-тың құрамындағы өте күшті мемлекеттік емес лаңкестік топ бастады. Иран, Қытай мен Ресей АҚШ-ты әлсірету үшін осы топты ынталандырып отыр. Бұл жағдай аймақтық дағдарыстың қаншалықты ықпалды бола алатынын, басқа салалардағы халықаралық әріптестікті күрделендіріп жіберетінін көрсетті".  

Жалпы АҚШ барлау агенттіктері Газадағы қақтығыстарды анық көре алмайды. Израильдің Палестина жерлерін бірнеше онжылдық бойы рақымсыз басып алуынан ұлт азаттық күрес туындады. Израиль басқыншылығы АҚШ-тың ауқымды әскери көмегі және саяси қолдауы арқасында жүзеге асырылды. Сондай-ақ АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Израильді жан-жақты қолдап отырғанын айту керек. Ол болмаса, Израиль соғыс қылмысын жасады деп танылатын еді.

АҚШ-тың әлемдегі орнының әлсіреуінің шынайы себебі – ол істеп жатқан әрекеттер емес, Вашингтонның екіқырлы стандарттары. Соның ішінде АҚШ тарапынан Израильдің Газадағы қанды қырғынына жан-жақты қолдау білдірілуі. Байден үкіметі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде атысты тоқтату бітімі туралы қарар ұсынылғанда оған қарсылық білдіріп, оны қажет емес деп атап, оның мәні мен әсерін азайтып көрсетуге тырысты.  

Бұл есеп осы уақытқа дейін Газада 34 мыңнан аса адам сионистік режимнің қолынан қаза тапқан жағдайда жарияланып отыр. Қаза болғандардың көбі – әйелдер мен балалар.  

Дереккөз: Carnelos, Marco. 2024. Washington has lost touch with reality. If it doesn't adapt, the world will pay. Middle East Eye.