Жаботинский: Палестинаны басып алу және "Темір дуал" идеясы
Жаботинский палестиналықтардың өз еріктерімен өз тағдырын анықтаудан бас тартпайтынын мойындаған сионистік жетекшілердің бірі болды.
Зеэв Жаботинский Еврейлердің ұлттық қоры және Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде британ армиясында қызмет еткен еврей легионының негізін қалаушылардың бірі ретінде Израиль тарихында өте ықпалды тұлға саналады. Жаботинский Ұлыбритания үкіметін Бальфур декларациясын жариялауға көндіруде өте маңызды рөл атқарған. Осы декларацияға сәйкес, Ұлыбританияның отарында болған Палестина жерінде еврейлерге мемлекет құруға шешім қабылданды. Жаботинский Иордан өзенінің екі жағалауын да қамтитын еврейлерге тиесілі жер болады деп үміттенді. Ол еврейлерді Еуропа мен басқа елдерден Палестина жеріне көшіру арқылы өз идеясын орындаймын деп ойлады.
Жаботинскийдің тағы бір маңызды ісі – Израильдің қауіпсіздік саясаты мен доктринасын жазу. Оны "Темір дуал" деп атаған. Жаботинскийдің сенімінше, палестиналықтар өздерінің тарихи жерінде еврей мемлекетінің құрылғанын қабылдамайды. Сионистік қозғалыс бір әлемдік алпауытпен бірігіп, оның қолдауына ие болған кезде ғана еврей мемлекетін құруға болады.
Жаботинский палестиналықтардың өз еріктерімен өз тағдырын анықтаудан бас тартпайтынын мойындаған сионистік жетекшілердің бірі болды. Оның пікірінше, Палестинадағы арабтар кейбір экономикалық артықшылықтардың есесіне өз жерінде еврейлерге мемлекет құрып, сол аймақта біртіндеп көпшілік қауымды құрауға жол бермейді.
Жаботинскийдің көзқарасынша, арабтарға сионизмді қабылдатып, Палестина жерінде еврейлерді орналастыру идеясының еш қиындықсыз орындалуына сену – бос қиял. Жаботинский: "Палестиналықтарға құрметпен қатынас көрсетіледі деп уәде етілегеніне қарамастан, олар еврейлерден құтыламыз деген үміттерін үзбейді",-деп тура айтты.
Өйткені ешбір тірі жан осындай маңызды мәселеде мәмілеге келіп, еврейлерге артықшылық беруге келіспейді. Сол себепті Жаботинский мынадай нәтижеге жеткен: Палестина жерінде сионизм жобасын орындаудың алғашқы кезеңінде палестиналықтармен сұхбат есігін ашу үшін оларға үміт беру арқылы көндіру еш нәтиже бермейді.
Сол себепті Жаботинскийдің ұсынысы бойынша сионизм жобасында қауіпсіздік болуы керек және бұл жоба темір дуал артында орындалуы тиіс. Сонда Палестинаның арабтары оны қирата алмайды немесе оның дамуына тосқауыл бола алмайды.
Дереккөз: Халал Хашан, Израильдің "Темір дуал" доктринасындағы алшақтық. "Һәм Мейһан" баспасы, 1403