Өтірік айт және қорқыт! / Израиль насихатын айыптайтын таңдаулы твиттер
(last modified Tue, 07 May 2024 13:39:39 GMT )
Maм 07, 2024 19:39 Asia/Almaty
  • Өтірік айт және қорқыт! / Израиль насихатын айыптайтын таңдаулы твиттер

X қолданушысының айтуынша, бұл Израиль мен сионистердің үгіт-насихат хаты. Палестиналық бейбіт тұрғындарды өлтіру туралы зерттеу жүргізу немесе мойындау талап етілген кезде, олар жүргіземіз дейді. Қысым тоқтаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары мен саясаткерлер басқа дағдарыстар мен қылмыстарға көшеді және ешқашан зерттеу жүргізілмейді.

Бүгінгі таңда үгіт – алдау, үрей мен сендіруге негізделген БАҚ және жаңалықтар тәсілі. Осы тұрғыда, X әлеуметтік желісінің бірқатар қолданушылары өздерінің твиттерінде израильдіктердің әлем халқымен және палестиналықтармен қарым-қатынастағы үгіт-насихаттарын талқылады, олардың кейбірін біз мына жерде қарастырамыз:

 

1. Американың Израиль насихатымен ынтымақтастығы

БАҚ  белсендісі   S.L. Kanthan твитінде  Американың Израильдің үгіт-насихатымен бірге екенін атап өтті.  Ол былай жазды: "Егер сіз  өзеннен теңізге дейін» деген сөздерді қолдансаңыз немесе палестиналық орамал тақсаңыз, сіз террористсіз!  Бұл американдық құқық қорғау  органдарына еніп кеткен израильдік насихаттың мысалы.

Kanthan-ның Американың Израиль насихатымен ынтымақтастығы туралы твиттері

2. Израильдің үгіт-насихат үшін мәдени жадыны теріс пайдалануы

X әлеуметтік желісінің белсендісі Джулия постында Израильдің мәдени жадыны үгіт-насихат үшін теріс пайдаланатынын атап өтті.

Джулия былай деп жазды:

"Мен барлығына еврей жазушысы Ян Люстиктің «Жоғалған парадигманы» оқуға кеңес беремін. Ол Израиль үкіметінің палестиналықтарға қарсы үгіт-насихат пен науқанды өршіту үшін Холокосттың мәдени жады мен жарақатын қалай қолданатыны туралы «Холокост» деп атайтын тарауға арнады".

Джулияның Израильдің үгіт-насихат үшін мәдени жадты теріс пайдаланғаны туралы твиті

3. Палестина интифазасы туралы Израильдің өтірігі

Омар әл-Фарес есімді қолданушы твитінде Израильдің Палестина интифазасы туралы өтірігін сараптады. Ол былай деп жазды:

 

Пьер Морган, айтыңызшы...

Интифада Израиль насихаты айтқандай «іздеп жүріп, еврейлерді өлтір» дегенді білдірмейді. Керісінше, бұл палестиналықтардың  басқыншылыққа қарсы көтерілісі аясында араб тілінен аударғанда «қозғау» дегенді білдіреді. 1987 жылы палестиналықтардың бейбіт түрде жүргізген, бірақ Израильдің аяусыз әрекет еткен алғашқы интифазасы сияқты.

Омар әл-Фаристің Израильдің Палестина интифазасына қатысты өтірігі туралы твиті

4. Израиль режимінің үгіт-насихат стратегиясының сәтсіздігі

Әлеуметтік желі белсендісі  RicardoDamiyan  твитінде Израиль режимінің үгіт-насихат стратегиясын сәтсіз деп атады.

Ол: "Аса Уинстанлидің айтуынша, қарсы наразылықтардың көлемі Израиль режимінің үгіт-насихат стратегиясының сәтсіздікке ұшырағанын көрсетеді",- деп жазды.

Рикардоның Израиль режимінің үгіт-насихат стратегиясының сәтсіздігі туралы твиті

5. Америкадағы демократияның құлдырауына Израильдің насихаты себеп болып отыр

Американдық кәсіпкер Sigma Mindset  твитінде Израильдің үгіт-насихатына қарамастан Америкадағы демократияның құлдырауына назар аударды.

"Нью-Йорк полициясы  қазір Израильге үгіт-насихат жүргізіп жатыр ма? Мен демократияның ыдырауын көріп тұрғандай сезінемін".

Америкадағы демократияның құлдырауының себебі туралы Сигманың твиті

6. Қылмыстарды туралы сионистердің өтірік айтуы

Америкалық жазушы Rami G. Khouri сионистердің өтіріктерін талдап берді.

Ол былай деп жазды: "Бұл израильдік және сионистік насихаттың нұсқаулығы. Палестиналық бейбіт тұрғындарды өлтіру туралы зерттеу жүргізу немесе мойындау талап етілген кезде, олар жүргіземіз дейді. Қысым тоқтаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары мен саясаткерлер басқа дағдарыстар мен қылмыстарға көшеді және ешқашан зерттеу жүргізілмейді".

Рамидің сионистердің қылмыстарды тергеудегі өтіріктері туралы  твиті.

7. Израильдің үгіт-насихатынан туындаған Американың оң қанатының қуанышы

Cаяси сарапшысы Нуно Маркес Америка Құрама Штаттарының оң қанатының палестиналық студенттердің тұтқындалуына байланысты қунышын сынады. "Американың оң қанаты соншалықты ақымақ. Олар американдық студенттердің израильдік үгіт-насихат үшін тұтқындалуын тойлап жатыр".

Израильдің үгіт-насихатынан американдық оң қанаттың қуанышы туралы Нуно Маркестің  твиті

8. Израильдің балаларды өртеу туралы жалған насихаты

Мұхаммад Осман Алин  Кала әлеуметтік желісінің белсендісі твитінде Израильдің жалған насихатына назар аударды. "Израильдік үгіт-насихат «Сәбилерді (...) пешке салып, тірідей өртеп жіберді» деген аңызды ойдан шығарып таратты, бірақ  Холокосттың бұл ебедейсіз еліктеуін келемеждеген Джибути қызы «антисемитизм» үшін түрмеге жабылды!"

Мұхаммад  Османның Израильдің балаларды өртеу туралы жалған насихаты туралы твиттері

9.  Израильдік насихатқа қарсы қырағылық

Ghassan есімді палестиналық қолданушы Израильдің үгіт-насихатына қарсы  қырағы болу керектігін баса айтты. "Сионистік режимнің үгіт-насихаттары сізді адастыруына жол бермеңіз. Қазір Рафахқа әскери шабуыл жасалып жатыр. Өткен түнде Израиль әуе күштерінің шабуылынан 11 үй  қирап, 20-дан астам адам қаза тапты".

Гассанның Израиль насихатына қарсы қырағылық туралы твиті

10.  ВВС-дің Израильдің өтіріктерін қайталауы

БАҚ  белсендісі Simeon Wardle BBC арнасының Израильдің өтіріктерін қайталауын сынады.

Ол былай деп жазды: "Басынан бастап BBC  Израильдің өтірігін қайталады және кез келген журналистік адалдықтан бас тартты. Медиа класы негізінен партияның бақылауында болды, ол өз кезегінде орталық үгіт-насихат әуенімен билейді. Оларды әдетте соғыстан пайда көретіндер де қолдайды. 

Simeon Wardle-нің BBC Израильдің өтірігін қайталауы туралы твиті

11. Израильдік насихат палестиналықтардың өлтірілгенін жасыра  алмайды

Даддхини есімді әлеуметтік желі қолданушысы бұл режимнің үгіт-насихатына қарамастан Израильдің қылмыстарының жасырын еместігіне назар аударды. "Израильдік насихат 34 мың адамның қаза тапқанын жасыра алмайды. Әйелі, ағасы, ұлы және  қызы.  Хенд небәрі 6 жаста еді және оның айналасында оның жанұясының өліп жатқанын көрді. Ол сияқты мыңдаған адам өлді.

Даддхинидің сионистердің жасырындығы туралы твиттері

12. Америка мен Еуропалық Одақ әлі күнге дейін Израильдің үгіт-насихатында

Сэм есімді саяси белсенді АҚШ пен Еуропа Одағының Израиль қылмыстарына немқұрайлы қарауын сынады. "Колумбия студенттері Израильдің үгіт-насихатынан басқа нәрселерді түсінетін сияқты және АҚШ  пен ЕО-ға мұның бәрін анықтау үшін әлі 7 ай қажет".

Сэмнің АҚШ пен ЕО Израиль қылмыстарын қолдайтыны туралы твиті