Адам құқығын бақылаушы ұйым Сауд Арабиясын сынады
(last modified Wed, 18 May 2016 02:38:58 GMT )
Maм 18, 2016 08:38 Asia/Almaty
  • Адам құқығын бақылаушы ұйым Сауд Арабиясын сынады

Адам құқығын бақылаушы ұйым Сауд Арабиясын 32 кісіні Иран үшін тыңшылық жасады деген айыппен соттаған шарасын сынады.

Адам құқығын бақылаушы ұйым "Сауд Арабиясы Иран үшін тыңшылық жасады деген айыппен соттау кезінде айыпкерлердің құқығын бұзды" деп мәлімдеді.

Адам құқығын бақылаушы ұйым Иран үшін тыңшылық жасады деген адамдарға тағылған түрлі айыптардың, соның ішінде шерулерге қолдау көрсету, патшалықтың беделіне нұқсан келтіру және шиіт мазхабын таратуға талпыныс жасады деген деген мәселелердің қылмысқа еш ұқсастығы жоқ деп мәлімдеді.