Ресей мемлекеттік мұражайының директоры: Теһран кітап көрмесі – әлемдегі ең үлкен кітап көрмелерінің бірі
(last modified Thu, 16 May 2024 07:53:54 GMT )
Maм 16, 2024 13:53 Asia/Almaty
  • Ресей мемлекеттік мұражайының директоры: Теһран кітап көрмесі – әлемдегі ең үлкен кітап көрмелерінің бірі

Ресей әдебиеті тарихының мемлекеттік мұражайының директоры: "Теһран кітап көрмесі керемет! Бұл шара – осы күнге дейін көрген ең үлкен кітап көрмелерінің бірі",-деді.

Ресей әдебиеті тарихының мемлекеттік мұражайының директоры әрі әдеби сыншы Дмитрий Бак Иранға бірінші рет келіп, кітап көрмесін тамашалағанын айтып: "Осы күнге дейін түрлі елдерде 100-ден аса кітап көрмесіне қатыссам да, Теһран кітап көрмесіне тамсана қарадым! Бұл шара – осы күнге дейін көрген ең үлкен кітап көрмелерінің бірі",-деді.

Ол 35-ші Теһран халықаралық кітап көрмесінің баспасөз қызметіне берген сұхбатында: "Университетте Хайям, Фердоуси, Сағди, Моулави және басқа да ирандық классикалық ақын-жазушылар және танымал тұлғалармен таныстым",-деді. Бак сөзінің жалғасында: "Менің ойымша, Иран мен Ресей әдебиеті мен мәдениеті бір-біріне өте жақын. Көрме аясында өткен бір жиында Ресейдің әйгілі ақыны әрі жазушысы Пушкин туралы сөз қозғалды. Оның шығармаларында Хафиздің өлеңдері мен Құранның аяттарынан үзінділер келтірілген",-деді.Ол: "Ресей кітап көрмесі тамыз айының аяғы мен қыркүйек айының басында Мәскеу қаласында өтеді. ИИР жыл сайын осы көрмеге белсене қатысады. Әдетте үлкен павильон алады. Осы көрмеге ирандық жазушылардың көбірек қатысып, ресейлік жазушылармен кездесіп, сөйлескенін қалаймын",-деді.

35-ші Теһран халықаралық кітап көрмесі "Оқиық та жасайық" деген ұранмен сәрсенбі, 8 мамырда имам Хомейни(р.) атындағы "Мосалла" кешенінде өз жұмысын бастады. Сенбі, 18 мамырға дейін кітапсүйер қауымға қызмет етеді.

Дереккөз: Иранның кітап және әдебиет үйі

Тегтер