Израильді қолдайтын христиандар тәубеге келіңдер!
(last modified Thu, 16 May 2024 08:01:07 GMT )
Maм 16, 2024 14:01 Asia/Almaty
  • Израильді қолдайтын христиандар тәубеге келіңдер!

Христиандар қоғамы жазған ағартушылық сипаттағы хаттан үзінді Бұл хатта былай делінген: Біз Батыстағы христиандарға осы жолда бізбен бірге болуға кеңес береміз. Сондай-ақ өзімізге және христиан әріптестеріміздің есіне саламыз: Құдай – езіліп, жапа шеккендерге пана. Иса билеушілерге сөгіс айтып, мазлұмдардың мәртебесін көтерген.

Израиль Газаны бомбалап, балалар мен жазықсыз адамдарды өлтіре бастағаннан кейін Палестина христиандарының Батыстағы шіркеулердің басшылары және христиан теологтарына ашық хаты жарияланды. Онда батыстық христиан діни жетекшілерінің қате көзқарастарына нақты сараптама жасалып, христиандар үшін  ақиқат жолы айқындалған.

Мұнда осы маңызды хаттың басым бөлігін назарларыңызға ұсынамыз."Дұрыс әрекет етуді үйрен; Әділет жолында бол; Жапа шеккендерді қорға" (Ашаиа 1:17)

Біз, палестиналық христиан халықтық ұйымдары мен қозғалыстары осы хатқа қол қоя отырып, өз жеріміздегі қатыгездіктің жаңа толқынына қайғыра да өкіне қараймыз. Осы хатты жазу барысында біздің арамыздағы кейбіреулер Израильдің 2023 жылғы 19 қазанда жасаған айуандық шабуылдарында өз достары мен жанұяларынан айырылды. Газадағы "Сент Порфириус" атты тарихи ортодоксалды грек шіркеуін паналаған христиандар да бомбаланды. Біздің жерімізде болып жатқан соғыстан есеңгіреп, қорыққан халімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Сондай-ақ ұлттық және діни идеология мен қатыгездікті тарату үшін Құдайдың аты пайдаланылып жатқанына қатты алаңдап отырмыз.Біз Батыс христиандарының көбінің Израильдің Палестинаға қарсы соғысын қалтқысыз қолдап жатқанын көріп, шошып қалдық.

Бұл хатты Израильге еш сынсыз қолдау білдіріп отырған Батыс шіркеулерінің діни жетекшілеріне жазып, оларды тәубеге келіп, көзқарастарын қайта қарауға шақырамыз.Өкінішке қарай, кейбір христиан дінбасыларының екі қырлы стандарттар ұстанып, іс-шаралар атқаруы христиан дініне қатты зиян тигізді.Біз шіркеу басшылары мен теологтардың көбінің Палестинада бейбіт тұрғындардың қырылып жатқанына үнсіз қалып отырғанына ренжуліміз. Сондай-ақ Батыстағы кейбір христиандардың Израильдің Палестина жерін басып алғанын айыптаудан бас тартқаны, кей жағдайда басқыншылықты ақтап, қолдау білдіргеніне жағамызды ұстап отырмыз. Сонымен қатар Біз кейбір христиандардың Израильдің Газаға жөн-жосықсыз шабуылдарына заңды сипат бергеніне қорқып отырмыз.

Израиль армиясы бейбіт тұрғындарды нысанаға алатын тактикаларды пайдаланды. Соның ішінде ақ фосфор қолдану, су мен тоқты өшіріп тастау, сұйық отынмен қамтамасыз етуді тоқтату, мектептер, ауруханалар мен ғибадатханаларды бомбалау бар. Англикан-баптистік бағыттағы "Әл-Ахли" ауруханасында қанды қырғын жасалып, "Сент Порфириус" атты тарихи ортодоксалды грек шіркеуі бомбаланып, палестиналық христиан жанұялар қаза тапты.