Зариф Сирия дағдарысының әскери шешім жолының жоқтығын қуаттады
(last modified Wed, 18 May 2016 08:05:41 GMT )
Maм 18, 2016 14:05 Asia/Almaty
  • Зариф Сирия дағдарысының әскери шешім жолының жоқтығын қуаттады

Иран Сыртқы істер министрі Сирия дағдарысының әскери жолмен шешілмейтінін қуаттады

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Венада Сириямен халықаралық қатынас орнататын топтың отырысының соңында журналистерге берген сұхбатта: «Осы отырысқа қатысып отырған лаңкестерді қолдайтын кейбір адамдар Сирия мәселесінің әскери жолмен шешілмейтінін және лаңкестерге қолдау көрсетудің басқаларға, тіпті олардың өздеріне қатер тудыратындығын түсінулері керек. Бүгінгі айтылған нәрселердің бір бөлігі бұрын да айтылған. Яғни, әскери жолды шетке қойып, лаңкестерді қолдауды тоқтатып, мәселені саяси жолмен шешуге талпыныс жасау қажет»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрі Иран Вена отырысында Сирия мәселесін саяси жолмен шешу туралы өз ұстанымын қайталап: «Бұл отырыста барлық тараптар Сириядағы қақтығыстар орын алып отырған аймақтардағы қарапайым халыққа көмектесуге және оларға қарсы қоқан-лоққылардың алдын алуға қажетті әрекеттерді жүзеге асыруға келісті»,- деп мәлімдеді.