Ғасыр қылмыскеріне қарсы әрекет
(last modified Sun, 26 May 2024 13:46:00 GMT )
Maм 26, 2024 19:46 Asia/Almaty
  • Ғасыр қылмыскеріне қарсы әрекет

Еуропа пен Латын Америкасындағы кейбір маңызды өзгерістерге шолу. Испания Сыртқы істер министрі "Х" әлеуметтік желісінде: "Халықаралық әділет соты белгілеген алдын ала шаралар, соның ішінде Израиль режиміне Рафахқа әскери шабуылын тоқтату міндеттеліп отыр",-деп жазды.

Колумбияның Израильмен қарым-қатынасының тоқтауы, Испания мен Израиль қарым-қатынасының бұзылуы, Данияның сионистік режимнен палестиналықтарға қарсы шабуылдарды тоқтатуды сұрауы және Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысының Халықаралық әділет соты шығарған үкімнің орындалуы керегін баса айтуы Еуропа пен Латын Америкасында Палестинаға қатысты орын алған маңызды жаңалықтарға жатады.  

Колумбия: Израильмен байланысымызды үздік.

Колумбия Сыртқы істер министрі Луис Хильберто Мурильо Al-Jazeera арнасына берген сұхбатында: "Сионистік режимнің халықаралық  гуманитарлық заңдарды сақтамағаны үшін Колумбия осы режиммен қарым-қатынасын үзді",-деді. Мурильо: "Біз Израильдің халықаралық қарарларға берік болуын, Халықаралық  әділет соты шығарған үкімді орындауын және осы режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың қамауға алынуын талап етеміз",-деді.

Бразилия: Израильдің басқыншылықтарына қатысты үнсіз қалмаймыз.

CNN сайтының хабарлауынша, Бразилия Президенті Лула да Силва: "Біз Израильдің Газадағы ауытқуларына үнсіз қала алмаймыз",-деп мәлімдеді. Лула да Силва: " Мен Израиль үкіметінің жауапсыздығынан Палестинада қаза тауып жатқан әйелдер мен балалар үшін бәріміздің ынтымақтасуымыз керек",-деді.

Испания мен Израильдің қарым-қатынасы бұзылды

The Guardian газетінің хабарлауынша, Испания Қорғаныс министрі Маргарита Роблес Газа соғысын Палестина халқына геноцид жасау деп сипаттап: "Мадрид үкіметі Палестина мемлекетін ресми түрде танығаннан кейін Испания мен Израильдің қарым-қатынасы нашарлап кетті",-деді. Испанияның Сыртқы істер министрі Хосе Мануел Албарес "Х" әлеуметтік желісінде: "Халықаралық әділет соты белгілеген шаралар, соның ішінде Израиль режиміне Рафахқа әскери шабуылды тоқтату міндеттеліп отыр. Израиль бұл үкімдерді орындауы тиіс. Үкімдер атысты тоқтату бітімін орнату, тұтқындарды босату, Газаға гуманитарлық көмектер жеткізуді де қамтиды",-деп жазды.

Дания: Израиль палестиналықтарға қарсы әскери амалдарын тоқтатуы тиіс

Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дания Сыртқы істер министрі Ларс Лекке Расмуссен: "Қазіргі таңда Халықаралық әділет сотының үкіміне сәйкес Израильдің Рафахқа құрлықтан шабуылын шұғыл түрде тоқтатып, бітім орнату керек. Сионистік режим бұл үкімді орындауы тиіс",-деді.

Еуроодақ қызметкерлерінің наразылық хаты

The Guardian газетінің хабарлауынша, Еуроодақтың 200-ден аса қызметкері осы одақтың үш басшысына наразылық хат жазып, бұл блоктың Газадағы гуманитарлық дағдарысқа немқұрайлы қарап отырғанына алаңдаушылық білдіріп, мұны Брюссельдің негізгі құндылықтарына қайшы деп атады.   

Италия: UNRWA-ға көмектер қайта басталуы керек.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Италия Сыртқы істер министрі Антонио Таяни Палестина автономды құрылымының Премьер-министрі Мұхаммед Мұстафаға: "Италия 35 млн еуро бөліп, UNRWA-ға көмек беруді қайта бастайтын болады",-деді.  

Боррель: Халықаралық әділет сотының үкімі орындалуы тиіс.

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррель "Х" әлеуметтік желісінде: "Халықаралық әділет сотының сионистік режимнің Газадағы әскери амалдарын тоқтату туралы үкімі толық әрі әсерлі орындалуы тиіс",-деп жазды.