Ақ үй Сенаттың Сауд Арабиясын айыптайтын заңына алаңдаушылық білдірді
(last modified Wed, 18 May 2016 08:56:10 GMT )
Maм 18, 2016 14:56 Asia/Almaty
  • Ақ үй Сенаттың Сауд Арабиясын айыптайтын заңына алаңдаушылық білдірді

Ақ үйдің баспасөз хатшысы АҚШ Сенатының 2001-ші жылғы 11-ші қыркүйек шабуылына қатысты заңды бекітуіне алаңдаушылық білдірді.

«Рейтердің» мәліметі бойынша, Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест АҚШ Сенатының Сауд Арабиясына қарсы заңды бекітуіне қатысты шынайы алаңдаушылықтардың туындағанын хабарлады. Ақ үйдің баспасөз хатшысы журналистердің алдында: «Сенаттың заңына қатысты алаңдаушылықтарға байланысты АҚШ Президентінің бұл заңға қол қоюы қиын болады»,- деді.

АҚШ Сенаты сейсенбі күні 2001-ші жылдың 11-ші қыркүйек оқиғасында аман қалғандар мен құрбан болғандардың жанұяларына Сауд Арабиясының үкіметіне қарсы шағым түсіріп, шығындарын өтеуді сұрауға рұқсат ететін заң бекітті.