Маусым 02, 2024 22:35 Asia/Almaty
  • The New York Times газеті Израильдің Ираннан артықшылығын көрсететін мақала жазуға тырысты

The New York Times газетінің тілшісі Бретт Стивенс (Bret Stephens) "Кім көбірек қиыншылыққа ұшырап отыр: Израиль ме, әлде Иран ба?" (Who’s in More Trouble: Israel or Iran) атты мақаласында шындыққа жанаспайтын, бос әрі маңызды емес жайттарды қозғаған.

Ол өз сөзін екі датаны, 1948 және 1979 жылдарды ерекше атап өтумен бастаған. Біріншісі – Батыс отаршылдарының палестиналықтар жерінде жалған Израиль режимін құрған жыл. Екіншісі – Ирандағы монархияның бірнеше мың жылдық тарихынан кейін Батысқа бағынышты Пехлеви режимі құлап, патшалық жүйенің орнына республикалық жүйе құрылған жыл.

Автор бұл екеуін қатар қоюға болмайтынын дұрыс айтқан. Әрине ол бұл сәйкессіздіктің табиғатын түсіндіріп өтпеген: отаршылдық режимнің өкілі және отаршылдыққа қарсы негізделген республика. Біреуі яһуди дініндегі батыстықтардың иммиграциясына негізделген. Екіншісі – Иранның тарихи үстіртінде орналасқан текті әрі жергілікті билік. Бұдан шығатын қорытынды: Иранның Израильмен үйлеспейтіні – заңдылық.

Бірақ Израильдің қиындықтары тек болмыс пен тектілікте ғана емес. Жақында Халықаралық қылмыстық сот Нетаньяхуды израильдік болғандықтан емес, соғыс қылмыскері болғандықтан тұтқындауға үкім шығарды.

Автордың пайымдауынша, әлем елдері ядролық қаруы бар, қуатты барлау ұйымына ие елдің басшысын қамауға алуы екіталай.

Автордың бұл сөзі сес көрсету ме, әлде басқа нәрсе ме белгісіз. Бірақ ядролық қаруы жоқ ХАМАС-тың қарсылығы, Ливанның қарсылығы, Йеменнің қарсыласуы және Иранның өзі Израиль режимінің әскери базаларына шабуыл жасағаны сияқты Нетаньяхуды да тұтқындауға болады.  

Автордың айтуынша, Нетаньяхуды әскери қылмыскер ретінде тұтқындауға үкім шығарудың мақсаты – оны халықаралық деңгейде заңсыздандыру және оқшаулау. Автор біртүрлі ой білдіріп, Нетаньяху есімінің Палестина қарсыласу ұйымы ХАМАС жетекшілерінің қасына қойылғанына наразы екенін жеткізіп, мұның Нетаньяху мен оның соғыс министрінің моральдық жағдайын төмендететінін айтты. Автор Гитлердің есімі фашистерге қарсы француз қарсыласу күштерімен қатар қойылғанына және Гитлердің абыройы олардан жоғары тұрғанына наразылық білдірген сияқты.

Нетаньяху тұсында Израиль режимімен байланысы бар сарбаздар Палестина жерінде 35 мыңнан аса палестиналықты қырды.

Ол мақаласының жалғасында Иран президенті мен Иран Сыртқы істер министрінің тікұшақ апатында қаза табу оқиғасына тоқталып, Иран Ислам Республикасының бұл оқиғадан кейін әлсірегенін айтқан.

Бір қызығы, автор 1979 жылғы Иран Ислам революциясы барысында Раисидің лаңкестерге қатаң қатынас көрсеткенін және Саддам әскеріне еріп, Иранға шабуыл жасағандарға ауыр жаза кескенін жанама түрде айыптайды. Иранда жанқияр да сабырлы қаһарман ретінде танымал Раисидің қатыгез кейіпкер болғанын айтады.

Одан әрі автор АҚШ-тың соғысқұмар саясатын насихаттаушы рөліне еніп, Иран Ислам Республикасының атом бомбасына ие болуды қалағанын және қазір онда билік үшін күрес болып жатқанын айтып, "Аятолла Хаменеидің ұлы әкесінің мұрагері болуы керек еді" деп жалған жаңалық жариялайды. Бұл ақпарат өтірік, өйткені Иранның Эксперттер кеңесінің қағидасына сәйкес келмейді.

Сондай-ақ мақалада Пәкістан сияқты елден әлдеқайда жоғары тұрған Иранның ғылыми қабілеті де көрсетілген. Қаласа, ядролық бомбаны оп-оңай жасай алады. Бірақ әзірше Иранның қорғаныс бағдарламасында бұл қаруларға орын жоқ.  

Одан да таңғаларлығы, автор Иранда мықты республикалық құрылымдар жоқ деп есептейді. Батыс Азия аймағындағы кез келген басқа ел өз президенті мен сыртқы істер министрінен бірден айырылса, бейберекеттікке ұшырар еді. Ал Иран құдіретті республикалық рухтың арқасында қиындықты оңай және ешбір шиеленіссіз шешуге қабілетті екенін көрсетті және көріп отырғанымыздай, жаңа сайлау өткізуге дайын.  

The New York Times газетінің жазушысы Бретт Стивенс осы мақала арқылы бүгінде Иранның тұзаққа түскенін және Израильдің жалған да отаршыл режимінің жақсырақ екенін көрсетуге тырысты.

Израиль режимінде енді жаһандық заңдылық, саяси-экономикалық тұрақтылық, тіпті Иран дайындаған қарсыласу күштеріне қарсы тұру қабілеті де жоқ.

Тегтер