Имам Хомейнидің(р.) болжамы орындалды: Сионистік режим жойылу алдында тұр
(last modified Mon, 03 Jun 2024 16:15:34 GMT )
Маусым 03, 2024 22:15 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің(р.) болжамы орындалды: Сионистік режим жойылу алдында тұр

Ислам революциясы жетекшісінің сөздеріне шолу. Имам Хаменеидің айтуынша, АҚШ, дүниежүзілік сионизмнің элементтері мен кейбір аймақтық мемлекеттер аймақтағы қатынастар мен теңгерімдерді өзгерту үшін үлкен әрі егжей-тегжейлі жоспар құрған. Бірақ ол палестиналықтардың операциясынан кейін сәтсіздікке ұшырады.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясының жетекшісі дүйсенбі күні таңертең имам Хомейнидің (р.) қайтыс болғанына 35 жыл толуына орай Иран халқының ұлы жиынында марқұм имамның көзқарастары мен қатынастарындағы Палестина мәселесінің маңыздылығына тоқталып: "Ардақты имамның Палестина туралы 50 жыл бұрын айтқан болжамы бірте-бірте орындалып келеді. "Әл-Ақса дауылы" атты таңғажайып операция дұшпандардың аймақ пен ислам әлеміне үстемдік етуге бағытталған ауқымды жоспарын жоққа шығарып, сионистік режимді жойылу жолына түсірді. Ал Газа халқының сенімі мен таңғаларлық ұстанымы аясында басқыншы режим дүние жүзінің көз алдында беделінен айырылды",-деді.

Имам Хаменеи сөздерінің бірінші бөлімінде марқұм имамның Палестина мәселесі туралы ойлары мен пікірлеріндегі маңыздылығын түсіндіріп: "Имам Хомейни(р.) ислам қозғалысының алғашқы күнінен бастап Палестина мәселесіне көңіл аударып, асқан дәлдік және көрегендікпен Палестина халқының болашақ жолын болжаған. Имамның бұл өте маңызды болжамы бірте-бірте жүзеге асып жатыр",-деді.  

Ол имам Хомейнидің(р.) ерекше болжамдарынан екі мысал ретінде исламдық қозғалыстың ең басында залым Пехлеви режимінің құлайтыны туралы болжам мен Кеңес одағында коммунистік режимнің жойылатыны туралы болжамды атады.

Ислам революциясының жетекшісі ымыраласуға бағытталған келіссөздерге көңіл аудармай, Палестина халқының белсене әрекет етуі, барлық халықтардың, әсіресе мұсылман халықтарының Палестина халқының құқықтарының орындалуын  қолдауды имамның Палестина ұлтының жеңісіне қатысты көзқарастарының бірсыпырасы деп атап: "Осындай ұлы оқиғалар қазір болып жатыр",-деді.

Имам Хаменеи сионистік режимнің "Әл-Ақса дауылы" операциясынан кейін туындаған тығырыққа тірелгенін айтып: "АҚШ пен көптеген батыс елдері бұл режимді қолдауды жалғастырып жатқанымен, олар да басқыншы режимде құтқарыларға жол жоқ екенін біледі",-деді.

Имам Хаменеи "аймақтың маңызды қажеттілігін өтеу" және "қылмыскер режимге түбегейлі соққы беруді" "әл-Ақса дауылы" операциясының екі маңызды ерекшелігі деп атап: "АҚШ, дүниежүзілік сионизмнің элементтері мен кейбір аймақтық мемлекеттер аймақтағы қатынастар мен теңгерімдерді өзгерту үшін үлкен әрі егжей-тегжейлі жоспар құрды. Осылайша олар сионистік режим мен аймақ елдері арасында өздері қалаған байланыстарды орнату арқылы жеккөрінішті режимнің Батыс Азия мен бүкіл ислам әлемінің саясаты мен экономикасына үстемдік етуіне жағдай жасауды көздеді",-деді.    

Имам Хаменеи: "Бұл сұмдық жоспар орындалу сәтіне өте жақын қалғанда "әл-Ақса дауылы" операциясы басталып, АҚШ, сионистер мен олардың жақтастарының барлық жоспарларының күлі көкке ұшты. Бірақ соңғы 8 айдағы оқиғалардан кейін бұл жоспарды қайта жандандыруға үміт қалмады",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі сионистік режимнің бұрын-соңды болмаған қылмыстары мен шексіз қатыгездігі және АҚШ үкіметінің бұл айуандықтарды қолдауын олардың жоспарының жүзеге аспағанына ашынғандардың реакциясы деп атады.

Имам Хаменеи "әл-Ақса дауылы" операциясының екінші ерекшелігі, яғни сионистік режимге орны толмас соққы беруге тоқталып, америкалық және еуропалық сарапшылар, тіпті атышулы режимге қатысы барлардың мойындауларына сілтеме жасап: "Олар басқыншы режимнің күш-қуат туралы уәждеріне қарамастан, қарсыласу тобынан ауыр жеңіліске ұшырағанын да мойындады. Өйткені соғысты бастағанынан 8 ай өтсе де, ол минималды мақсаттарының ешқайсысына жете алмады.",-деді.

Имам Хаменеи Батыс сарапшысының "әл-Ақса дауылы" операциясының 21 ғасырды өзгертетін күші туралы сөзіне сілтеме жасап: "Басқа сарапшылар мен тарихшылар режимнің абдырап, сергелдеңге түскеніне, кері көші-қон толқыны басталғанына, басып алынған аумақтар тұрғындарының қорғалмай жатқанына, сионистік жобаның соңғы демі қалғанына тоқталып, "Әлем сионистік режимнің жойыла бастағанына куә болып отыр" деді",-деп еске салды.

Имам Хаменеи Палестина мәселесінің әлемнің бірінші мәселесіне айналғанына және Лондон, Париж және АҚШ университеттерінде өткен антисионистік шерулерге тоқталып: "Ұзақ жылдар бойы америкалық-сионистік ақпарат құралдары мен үгіт-насихат орталықтары Палестина мәселесін ұмыттыруға тырысты. Бірақ "әл-Ақса дауылы" мен Газа халқының қарсылығынан кейін Палестина қазір әлемдегі бірінші мәселеге айналды. АҚШ халықтардың жаһандық консенсусы алдында ештеңе істей алмады. Сондықтан  ерте ме, кеш пе сионистік режимді қолдаудан бас тартуы керек",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Газа халқының қиыншылықтары, соның ішінде шамамен 40 мың адамның қаза тауып,  соның ішінде 15 мыңға жуық бала мен сәбидің қаза табуын Палестина халқының сионистердің қолынан құтылу үшін төлеген ауыр құны деп атап: "Газа халқы Аллаға иман келтіріп, Құран аяттарына сену арқылы қиындықтарға төзіп, таңғажайып табандылық көрсетіп, ерлік жасаушылар мен күрескерлерді қорғауды жалғастыруда",-деді.

Имам Хаменеи сионистік режимнің қарсыласу майданының мүмкіндіктері туралы қате есептеуін осы режимнің тұйыққа тірелуінің себебі деп атап: "Режим қайта-қайта жеңіліс тауып жатыр. Алланың құдіретімен режим бұл тығырықтан шыға алмайды",-деді.  

Ислам революциясы жетекшісінің Палестина туралы қорытындысы мынадай:

Батыстың үгіт-насихат жұмыстарына қарамастан, сионистік режим әлем халықтары алдында беделінен айырылды. Бұл шындықты халықтардан бөлек көптеген әлемдік саясаткерлер, тіпті сионистер де түсінді.

Имам Хаменеи өз сөзінің екінші бөлігінде сүйікті де еңбекқор президент пен оның серіктерінің шәһид болған оқиғасына тоқталып: "Президенттің серіктерінің әрқайсысы өз кезегінде құнды тұлғалар болды",-деді.

Ол осындай азаматтардан айырылуды шын мәнінде ел үшін орны толмас қаза деп атап: "Құранның "Бақара" сүресінде былай делінген: "Алла жолында өлтірілгендерді өлі демеңдер, өйткені олар тірі, бірақ сендер білмейсіңдер". Өйткені бұл аятта әскери қозғалыс пен соғыс туралы әңгіме жоқ. Халыққа қызмет ету, олар үшін джиһад жасау, елді басқару және Ислам Республикасы жүйесін ілгерілету сияқты Алла жолында өлтірілген адам шәһид болып табылады",-деді.

Имам Хаменеи Теһран, Мешхед, Табриз, Құм, Бирджанд, Рей, Зәнджан, Мараге және Наджафабад сияқты әртүрлі қалаларда тұрғындардың қызмет шәһидтерімен қоштасу рәсімдеріне жаппай қатысуын революция тарихындағы ащы да ауыр оқиғаларға қатысты Иран халқының ерлігінің мысалы деп атап: "Бұл ерлік Иран халқының шаршамайтын, табанды әрі мотивацияға толы халық екенін көрсетті. Олар қиыншылықтан қашпайды, керісінше табандылығы мен ынтасы артады",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі өз сөзінің басқа бір маңызды бөлігінде алдағы президенттік сайлауды үлкен іс, жетістіктерге толы құбылыс деп атап: "Алла бұйыртса, бұл сайлау жақсы өтіп, осы қайғылы оқиғадан кейін халық келесі жауапты тұлғаны жоғары дауыспен сайласа, Иран халқы үшін үлкен жетістік болмақ. Бұл әлемге айрықша әсер етеді. Сондықтан 28 маусымда өтетін сайлаудың маңызы зор",-деді.