Маусым 11, 2024 19:14 Asia/Almaty
  • Сенегал Премьер-министрі: Адам құқықтары туралы жар салушылардың Палестина халқының геноцидіне қатысы бар

Израильдің Газадағы қылмыстарын айыптай отырып, Сенегал премьер-министрі әлемнің ұлы державаларын Палестина халқының геноцидіне қатысы бар деп санады.

 

Сенегал Премьер-министрі Осман Сонко Палестина шәһидтері үшін бір минуттық үнсіздік пен дұға ету рәсімінде: «Өздерін ұлы демократия деп таныстыратындар мен адам құқығын қорғайтындар бүгінде Палестина халқының геноцидіндегі ең үлкен сыбайластар", - деді.

Осман Сонко Сенегал президентінен Біріккен Ұлттар Ұйымының сотында Оңтүстік Африканың сионистік режимге қарсы берген ісіне қосылуын сұрады.

Айта кетейік, желтоқсан айында Оңтүстік Африка сионистік режимге қарсы іс қозғап, бұл режимді Газадағы палестиналықтарды геноцид жасады деп айыптаған болатын. Содан бері оннан астам ел Оңтүстік Африканың Израильге қарсы геноцид ісіне қосылғанын немесе қосылу жоспарларын жариялады.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, сионистік режимнің Газаға қарсы соғысы басталған 2023 жылдың 7 қазанынан бері 36 мыңнан астам палестиналық шәһид болып, 83 мың 680 адам жараланды. 10 мыңнан астам палестиналық әлі із-түзсіз жоғалып, үйінді астында жатыр.

Тегтер