Эбтекар мемлекеттердің ядролық қарусыздануының қажеттілігін қуаттады
(last modified Wed, 18 May 2016 16:17:07 GMT )
Maм 18, 2016 22:17 Asia/Almaty
  • Эбтекар мемлекеттердің ядролық қарусыздануының қажеттілігін қуаттады

Иранның Қоршаған ортаны қорғау ұйымының төрайымы әлемдегі барлық мемлекеттердің ядролық қарусыздануы қажеттілігін қуаттады.

Үш күндік сапармен Оңтүстік Кореяға барған Иранның Қоршаған ортаны қорғау ұйымының төрайымы Масуме Эбтекар осы елдің «Yonhap» ресми ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Иран тек Таяу Шығыс аймағы ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлем ядролық қарудан ада болып, осы тақырыпқа қатысты әділ және нысапты болып, екіұшты стандарттардан аулақ болу керек деп санайды» деді. Иран президентінің орынбасары Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хенің Иранға жасаған сапарын екі елдің байланысындағы жарқын белес деп бағалап: «Осы сапарда екі тарап сауда ынтымақтастықтарын кеңейту және қоршаған орта, мәдениет және туризм саласына қаржы салу жолдарын қарастырды» деді.

Эбтекар Оңтүстік Корея компанияларының Иран нарығында болуға қызығушылығына тоқталып: «Иран үкіметінің басты бағдарларының бірі қоршаған ортаны қорғау және индустриалды жобалардың жер, су және әуеге кері әсерлерінің алдын алу болып табылады» деді.

Иранның Қоршаған ортаны қорғау ұйымының төрайымы Сеулге жасаған өзінің үш күндік сапарында Оңтүстік Корея президентімен кездесумен қоса, қоршаған орта саласы бойынша бірнеше меморандумға қол қойды.