АҚШ-тың The Hill басылымы Иранда тікұшақ құлағаннан кейін әскери төңкеріс болуын армандады
АҚШ-тың The Hill басылымының сайтында Шахрзад Ахмадидың мақаласы жарияланды. Онда Иран Президентінің тікұшағы құлағаннан кейін елдің саяси жағдайын дағдарысқа ұшыраған деп көрсетуге талпыныс жасалған.
АҚШ-тың The Hill басылымының сайтында "Ирандағы сайлау бір әскери төңкеріске ұласуы мүмкін" (Iran’s elections could give rise to another military coup) атты мақала жарияланды.
Шахрзад Ахмади – АҚШ-тағы Сент-Томас университетінің тарих кафедрасының доценті және Иран мен Ирак істері жөніндегі сарапшысы. Оның тегі – ирандық. Бірақ Иранға қарсы АҚШ үкіметіне қызмет етіп жатыр.
АҚШ-тың The Hill басылымының сайтында жарияланған осы мақаладағы кейбір уәждерге тоқталамыз:
Бұл мақала біртүрлі гипотезаға негізделіп басталып, сонымен соңына дейін жетеді: "Ислам республикасының тұрақтылығына күмән бары сөзсіз". Мақала авторының пайымдауынша, егер ол «сөзсіз» сөзін қолданса, жоғарыдағы дәлелденбеген алғышарт (гипотеза) дәлелденетін болады.
Дегенмен барлық дәлелдер мен айғақтар бұрынғы үкіметтен қазіргі үкіметке билікті беру жоспар бойынша және әрине бірнеше ондаған жыл бұрын бекітілген Иран Ислам Республикасының конституциясы негізінде жүріп жатқанын көрсетеді. Мәтіннің басқа бір бөлігінде Ислам Республикасында күтпеген өзгерістер орын алғаны айтылады. Өйткені қазір режимді жақтайтын тұлғалар президенттік лауазымға таласуда. Автордың уәжі бойынша, Ислам Республикасында күтпеген өзгерістер орын алды. Бұл сөздің дәлелі ретінде режимді жақтайтын қайраткерлердің президенттікке бәсекелестігін атады.
Автор кез келген саяси жүйедегі сайлау бәсекесіне сол елдің конституциясы бойынша саяси құрылымын қабылдаған тұлғалар қатысатынын естен шығарып отыр. Әлемнің көптеген елдерінде бәсекелестік қызу әрі тіпті шиеленісті өтеді, бұл процедура кез келген саяси жүйе үшін жағдайдың өзектілігін көрсетпейді.
Мақаланың басқа бір бөлігінде былай делінген: АҚШ пен сионистік режимнің қастандығы салдарынан шәһид болған ирандық қайраткерлер Ислам Республикасының құрбандары деп түсіндіріледі. Бірақ бұл қылмыстарға Израиль мен АҚШ режимдерінің қатысы туралы айтылмайды. Автордың заңды саяси жүйеге деген көзқарасының бұл түрі жазушының және осы жазбаны жариялаған веб-сайттың біржақтылығын көрсетеді.
Сириядағы ирандық әскери кеңесшілердің бірі болған Сақшылар корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы шәһид қажы Қасым Сүлеймани, бригада генералы Мұхаммедреза Заһеди, бригада генералы Мұхаммедхади қажы Рахими және сондай-ақ Иранның сегізінші президенті сейіт Ибрахим Раисидің аттары осы мақалада біржақты сипатта қолданылған. Әрі қарай барлығы сақтап қала алатын бір ғана негізгі мүше, яғни Иранның рухани көсемі сейіт Әли Хаменеи деп уәж айтылған.
Автордан былай деп сұрау керек: Жалғыз басты мүше өзі болса, барлығы көшбасшыны қалай сақтай алады?
Сондай-ақ мынадай сұрақ қоюға болады: Қалайша Иранның әскери қолбасшылары тек осы адамдар бола алады? Иранның басқа әскери қолбасшылары Иранның саяси құрылымының қалған негізгі мүшелері емес пе?
Автор бір шала болжам жасап, былай уәж айтады: Ислам республикасының қазіргі рухани көсемінен кейін оның ұлы сейіт Моджтаба Хаменеи Иранның басшысы болады. Ирандықтар айтқандай, бұл – пісірілген тауықты күлдіретін мүмкін емес мәлімдеме. Бұл автордың Ирандағы басшыларды іріктеу құрылымынан және Ислам революциясының жетекшісі отбасының саяси мәртебесінің жоқтығынан мүлде хабарсыз екенін көрсетеді.
Мақаланың соңында Ибрахим Раисиді жерлеу рәсімі бес жыл бұрын болған сардар Сүлейманимен қоштасу рәсімімен салыстырылып, Раисимен қоштасуға азырақ адам келгені айтылады. Автордың айтуынша, бұл Ислам республикасының әлеуметтік капиталының азайғанын көрсетеді. Ал бұл жағдайда Мешхед сияқты кейбір қалаларда аятолла Раисимен қоштасу рәсіміне сардар Сүлейманиді жерлеу рәсімінен гөрі көбірек адам қатысты.
Қорытындылай келе, бұл мақала ойластырылған талдау емес, біреуден естіген және Иранның ішіндегі оқиғаларды дұрыс түсінбейтін радикал америкалық қозғалыстың тілектері мен иллюзияларына негізделген жазба болып отыр. Ешбір тармақта фактіге немесе құжатқа сілтеме жасалмайды. Бұл тек автор мен The Hill басылымының Иран Ислам Республикасының жүйесіне деген өшпенділігін көрсету құралы болып отыр.
Айта кету керек, 1953 жылы Иранда болған "28 мордад" төңкерісінде АҚШ пен Ұлыбритания Иран армиясындағы жалдамалыларды пайдаланып, Батысқа тәуелді Мұхаммед Реза Пехлевидің монархиялық үкіметін сақтап қалу үшін сол кездегі заңды премьер-министр Мұхаммед Моссадықты биліктен тайдырды.