Маусым 20, 2024 19:53 Asia/Almaty
  • Ресей қоғамы Иранмен мәдени байланыстардың жаңа кезеңінде осы елдің мәдени байлығынан хабардар болуы тиіс

Ресейдің ғылым және білім кеңесінің төрағасы Иранның мәдени мүмкіндіктерін орыс тілділерге таныстыру үшін елде мәдени фестивальдер өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Иран мен Ресей бір-бірімен мәдени салада ұзақ жылдардан бері әріптесіп келеді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, "Сириус" федералды территория кеңесін басқаратын Елена Шмелева ИИР-дың Ресейдегі мәдени атташесі Масуд Ахмадвандпен кездесуінде: "Сириус" федералды территория кеңесі Иранның мүмкіндіктерін таныстыру үшін мәдени фестивальдер ұйымдастыруға дайын",-деді.

Елена Шмелева Иран мен Ресейдің мәдени қарым-қатынастарының қазір жоғары деңгейде екенін айтып, екі жақтың да өнер мен мәдениеттің әртүрлі салаларындағы жас таланттарын анықтау қажет деп санайды.

Ресейдің «Талант пен табыс» қорының жетекшісі Елена Шмелева сондай-ақ Иранның Ресеймен мәдени шаралар өткізуге қатысуын құптады.

ИИР-дың Ресейдегі мәдени атташесі Масуд Ахмадванд осы кездесуде екі ел арасындағы мәдениет, өнер және білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажеттігін атап өтті.

Ирандық дипломат  әсіресе екі елдің мәдени және әлеуметтік құрылымындағы жас ұрпақтың маңызды және тиімді рөліне тоқталып: "Осы серпінді де белсенді жастардың таланттары мен мүмкіндіктерін тану Иран мен Ресейдің мәдени мақсаттарын ілгерілетуге көмектеседі",-деді.

Тегтер