Солтүстік Корея: Американың Ресейге қарсы прокси соғысының жалғасуы дүниежүзілік соғысқа әкеледі
(last modified Fri, 28 Jun 2024 12:08:35 GMT )
Маусым 28, 2024 18:08 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея: Американың Ресейге қарсы прокси соғысының жалғасуы дүниежүзілік соғысқа әкеледі

Солтүстік Кореяның әскери шенеунігі АҚШ-тың Украинаға әскери көмегін жалғастыру жаңа дүниежүзілік соғысқа әкелуі мүмкін деп мәлімдеді.

Pars Today агенттігінің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауыша, Солтүстік Корея армиясының жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірі Пак Чон Чун Ресейдің Украинада кез келген жауап шабуыл түрін таңдауға құқығы бар екенін айтты.

Солтүстік Кореяның бұл әскери шенеунігі: "АҚШ-тың Украинаға Ресейге қарсы прокси соғысын жалғастыру үшін қысым жасауы Мәскеудің күшті жауабына және жаңа дүниежүзілік соғысқа әкелуі мүмкін",- деп қосты.

Бұл туралы Солтүстік Корея қорғаныс министрінің орынбасары Ким Кан Ир де: " Корей түбегіне американдық ұшақ тасығышын жіберу қауіпті күш көрсету болып табылады және Пхеньянның жаңа тосқауылдық стратегиясына жол ашады",- деп мәлімдеді.

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің өкілдері: "Теодор Рузвельт" әуе кемесі Оңтүстік Корея және Жапониямен бірлескен әскери жаттығуларға қатысу үшін осы айдың соңында (маусым) Пусан портына кірді.

Басқа жақтан 20 сәуірде АҚШ Өкілдер палатасы Украинаға 60,8 миллиард долларлық әскери көмек пакетін бірауыздан мақұлдады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та АҚШ-тың Украинаға әскери көмек көрсету туралы заң жобасын мақұлдағанына тоқталып, АҚШ-тың Украинаға әскери көмегі жаһандық дағдарысты нашарлатып, лаңкестік әрекетке тікелей қаржылық қолдау болып табылатынын ескертті.

Ресей мен Украина арасындағы соғыстың ұзаруы және оның шығындарының артуына байланысты соғыстың Украина шекарасынан асып кетуіне алаңдаушылық туындап, көптеген Еуропа елдері Украинаны қолдау үшін оппозиция қатарына қосылды. Бұл қанды және қымбат соғыс АҚШ-тың Украинаға қарсы қолдауымен әлі де жалғасуда.