НАТО Жапонияны Ресеймен соғысуға итермелей ме?
(last modified Sat, 29 Jun 2024 13:01:18 GMT )
Маусым 29, 2024 19:01 Asia/Almaty
  • НАТО Жапонияны Ресеймен соғысуға итермелей ме?

Ресей Сыртқы істер министрлігі Жапонияға Ресей шекарасына жақын жерде әскери жаттығу өткізуіне байланысты ескертті.

 

 

Ресей Сыртқы істер министрлігі Жапонияның Мәскеудегі елшілігіне елдің Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы (НАТО) мүшелерінің қатысуымен Ресей шекарасына жақын жерде жапондық әскери күштердің оқу-жаттығулар өткізуіне қарсы қатаң наразылық білдіруіне байланысты мәлімдеме жасады.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Сыртқы істер министрлігі бұл мәлімдемесінде Жапонияның арандатушылық әрекеттерін сынап, Мәскеудің Ресей шекарасына жақын жерде Германия мен Испанияның қатысуымен жапон сарбаздарының арандатушылық әскери әрекеттерін өзіне әлеуетті қауіп деп санайтынын түсіндірді.

Жапон қорғаныс министрі Минору Кихара жақында Жапонияның әуе қорғаныс күштері шілденің 19-ы мен 25-і аралығында Германия, Франция және Испания қарулы күштерімен бірлескен әскери жаттығу өткізетінін хабарлады. Жапонияның Қорғаныс министрі: «Франциямен бірлескен оқу-жаттығу Ибараки провинциясындағы әуе базасында өтеді, бірақ Германия мен Испаниямен жаттығу Хоккайдо провинциясында өтеді",- деді. Хоккайдо аралы Ресей шекарасына жақын орналасқан.

Ресей мен Жапония арасында әртүрлі мәселелерде, соның ішінде Курил аралдарының меншігіне қатысты ондаған жылдар бойы келіспеушіліктер болды.

Сонымен қатар, соңғы жылдары Ресей шенеуніктері Жапонияның Азия-Тынық мұхиты аймағындағы милитаристік көзқарасын бірнеше рет сынады.