Пәкістан Ислам пайғамбарының Әһле Бәйті үшін аза тұту айына ерекше мән береді. Имам Хұсейннің (ғ.с.) залымдық пен азғындыққа қарсы көтерілісі
(last modified 2024-07-11T14:57:00+00:00 )
Шіл 11, 2024 20:57 Asia/Almaty
  • Пәкістан Ислам пайғамбарының Әһле Бәйті үшін аза тұту айына ерекше мән береді. Имам Хұсейннің (ғ.с.) залымдық пен азғындыққа қарсы көтерілісі

Пәкістан президенті мен премьер-министрі Ашура оқиғасын еске алу жолдауларында имам Хұсейн (ғ.с.) көтерілісінің илаһи және ахлақтық идеалдарына тоқталды. Мұхаррам айы Пәкістанның ислам қоғамдастығында және осы елдегі басқа дінді ұстанушыларда жоғары құрметке ие.

Pars Today-дің IRNA ақпарат агенттігіне сүйенген хабарына сәйкес, мұхаррам айы Ислам пайғамбарының немересі Имам Хұсейннің (ғ.с.) шәһид болуына байланысты миллиондаған Әһле Бәйт (ғ.с.) жақтастары үшін аза тұту айы болып табылады.

Пәкістандық мұсылмандардың аза тұту рәсімдері осы елдің ең солтүстік нүктесінен оңтүстігіне дейін мұхаррам күндеріне орай мұхаррам айының бірінші түнінен басталды. Бұл айда діни жетекшілер имам Хұсейн көтерілісінің философиясына, соның ішінде жанқиярлық, озбырлыққа қарсы тұру, бірлік пен бөліну мен экстремизмге қарсы қырағылықпен күресуге баса назар аударады. Шиа қауымынан бөлек, басқа діндердің ізбасарлары, әсіресе Пәкістанның христиан және индус азшылықтары да имам Хұсейнге (ғ.с.) берілгендіктерін білдіру және қасиетті айға құрмет көрсету арқылы осы айдың діни рәсімдері үшін құрбандық дайындау және таратуға қатысады.

Пәкістандықтардың мухаррамда аза тұтуы

 

Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари мен премьер-министр Шахбаз Шариф жаңа ай жылым мен  мұхаррам айының басталуына байланысты жолдауларында имам Хұсейн (ғ.с.) мен оның Кербаладағы адал серіктеріне құрмет көрсетті және Ашура оқиғасын ақиқат пен жалғанның күресінің көрінісі ретінде сипатталды.

Пәкістан басшыларының жолдауында хазірет сейед әл-Шоһада (ғ.с.) мен оның қасиетті әулетінің Ислам құндылықтарын қорғау үшін асыл жандарын құрбан еткені және бұл құрбандық бүкіл мұсылмандардың бірлік, әділдік және зұлымдықпен күресу жолындағы жұмысының басында болуы керектігі қуатталды.

Мухаррамда пәкістандықтар аза тұтады

 

Сондай-ақ соңғы күндері Пәкістанда Мұхаррам айын құрметтеу деген атпен имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісін түсіндіріп, ортақ дұшпандардың қыршынына қарсы тұру үшін жамағаттың бірлігі, әсіресе, бөліну және экстремизмгк қарсы қырағылық қажеттігін түсіндіретін түрлі конференциялар мен кездесулер өтті.

Имам Хұсейнді (ғ.с.)  аза тұту айының басталуымен бір мезгілде пәкістандық зияратшылар Иран Ислам Республикасы мен Ирактың қасиетті жерлеріне қажылық сапары шарықтау шегіне жетті. Он мыңдаған адам қасиетті Мешхед пен Құм қалаларына жету үшін Пәкістаннан ұзақ жол жүріп, Кербалаға кетеді.

Тегтер