Ресейдің астанасында тұтқынға алу оқиғасы орын алды
(last modified Thu, 19 May 2016 11:56:08 GMT )
Maм 19, 2016 17:56 Asia/Almaty
  • Ресейдің астанасында тұтқынға алу оқиғасы орын алды

Ресейдің астанасы Мәскеуде тұтқынға алу оқиғасы тұтқынға алушының қауіпсіздік күштері тарапынан өлтірілуімен аяқталды.

IRNA ақпарат агенттігінің «Россия Сегодня» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, тұтқынға алушы адам сәрсенбі күні кешке Кредит-Москва банкінің бөлімшесінде 4 сағат бойы адамдарды тұтқында ұстағаннан кейін қауіпсіздік күштерімен атыс барысында өлтірілді.

Мәскеу полиция басқармасының ақпарат өкілі София Хутинаның айтуынша, қауіпсіздік күштері тұтқынға алушы адаммен келіссөз жүргізгеннен кейін банкке шабуыл жасап, оны оқ атып өлтірген.

Тұтқынға алу оқиғасы Мәскеу уақыты бойынша сағат 20:40-та басталған. Белгісіз адам Мәскеудің шығысындағы Измайловский ауданының Первомайский көшесінде орналасқан «Кредит-Москва банкінің бірқатар қызметкері мен клиенттерін тұтқынға алған. Тұтқынға алушы адам өзін Алексей деп таныстырып, үлкен көлемде ақша талап еткен.