Шіл 28, 2024 22:45 Asia/Almaty
  • Иранның діни оқу орындары басшысының Стамбұл үлемдерімен кездесуінде рационализм, ғылым мен Палестина мәселесі талқыланды

Иранның діни оқу орындарының басшысы Стамбұлда діни орталықтардың үлемдері және мәдени белсенділерімен кездесуінде Палестина халқына толық қолдау көрсету керегін айтып, мұны әлемнің түкпір-түкпіріндегі әрбір мұсылманның міндеті деп атады.

Иранның діни оқу орындарының басшысы әрі әл-Мұстафа қоғамының құрылтайшылар кеңесінің төрағасы аятолла Әлиреза Арафи Түркияға сапарында діни орталықтардың үлемдері және мәдени белсенділерімен кездесіп, пікір алмасты.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аятолла Әлиреза Арафи осы кездесуде діни жұмыстарды жалғастырып, тоқтау мен тоқыраудан бас тарту керегіне тоқталып, рационализм, ғылым мен қоғамның қазіргі қажеттіліктеріне негізделген исламдық танымды ұсыну керегін айтты.

Аятолла Әлиреза Арафи осы кездесуде діни істерде ақлақ, руханият пен нәпсіні тазалауға баса назар аудару керегін айтып, түрлі қоғамдарда маңызды исламдық туындыларды басып, тарату керегін айтты.

Осы кездесуге қатысқан ислам үлемдерінің әрқайсысы ислам әлемі мен аймақтағы түрлі мәселелерге қатысты ойларын ортаға салды.  

Айта кету керек, бұған дейін аятолла Әлиреза Арафи Ресей мұсылмандары діни басқармасының мүфтиі шейх Равиль Гайнуддиннің шақыруымен "Рухани жібек жолы" атты халықаралық  конференцияға қатысу үшін осы елге сапар шеккен болатын. 

Тегтер