Шіл 29, 2024 19:05 Asia/Almaty
  • Иранның діни оқу орталықтарын басқару штабы: Германияда ислам орталықтарының жабылуы – сионистік-нәсілшілдік жоба

Иранның діни оқу орталықтарын басқару штабы бір мәлімдемесінде: "Германия үкіметі сионистік-нәсілшілдік жоба негізінде Гамбургтегі ислам орталығы мен мешітін жапты",-деді.

Германия полициясы 24 шілдеде Гамбургтегі ислам орталығына басып кірді. Сонымен бірге Германияның Ішкі істер министрлігі осы ислам орталығы мен оған қарасты ұйымдардың жұмысына тыйым салынатынын мәлімдеді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның діни оқу орталықтарын басқару штабы Германияда ислам орталықтары жабылғанына байланысты мәлімдеме жасады.

Мәлімдеме мәтіні мынадай:

Германия үкіметінің жасыл ақықтай жарқырайтын Гамбург қаласы мен басқа жерлерде ислам орталығы мен мешіттерін жабуы сионистік-нәсілшілдік жоба негізінде жүзеге асырылды. Бұл нацистердің нәсілшіл саясатын еске түсіреді.  

Шиіттер қауымдастығы тарапынан салынған мешіт пен тарихи орталық барлық діни мазхаб пен ағымдардағы мұсылмандарды қабылдап, исламның биік ойларын таратып, түрлі дін өкілдерімен тату өмір сүруді насихаттаған.

Батыстың басқа елдері сияқты сөз, ой мен дін бостандығын қорғаушымыз деп уәж айтатын Германия үкіметі әлемдегі оқиғалар мен өзгерістер, әсіресе сионистік режимнің Газа халқына қарсы нәсілшіл әрі айуандық қылмыстарына қатысты біржақты әрі екі қырлы стандарттар мен критерийлер ұстанғанымен, ислам орталықтарының мықты қисынына қарсы тұра алмады. Сондықтан алдыға қашу әрекетін жасап, күн тәртібіндегі мәселені толық жойып, ислам орталықтарын жауып тастаудан басқа амал таппады.   

Иранның діни оқу орталықтарын басқару штабы Германия үкіметінің бұл әрекетін айыптаумен қоса, ислам елдерінен тиісті реакция білдіруді сұрап, Германия үкіметі тез арада өз шешімінен бас тартады деп күтеді.

Айта кету керек, Германия полициясы өткен жылы ешбір дәліл мен құжатсыз кейбір жалған уәждерді тексеру сылтауымен Гамбургтегі ислам орталығы мен 7 провинциядағы басқа 54 орталыққа басып кірді.   

 

Тегтер