Шіл 29, 2024 20:14 Asia/Almaty

"Х" әлеуметтік желісінің ирандық қолданушылары Париж олимпиадасының ашылу салтанатында хазірет Иса Мәсіхке(ғ.) құрметсіздік көрсетілгенін қатты айыптап, мұны олимпиада тарихындағы ең ұсқынсыз көріністердің бірі деп атады.

Париж-2024 олимпиада ойындары жұма күні, 26 шілдеде Сена өзенінің үстінде 6,5 шақырым жерде ашылу салтанатын өткізіп, әртүрлі елдердің туы тігілген қайықтармен спортшыларды тасымалдау арқылы ресми түрде басталды.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ұйымдастырушы елдің басты спорт кешенінде түрлі бағдарламалармен өткен бұрынғы олимпиадаларға керісінше бұл ашылу салтанаты Париж қаласының ашық кеңістігінде өтті.  

Музыкалық немесе театрландырылған көріністерге беймәлім гомосексуалдық кейіпкерлерді енгізу, миллиардтаған адамдардың, әсіресе христиандардың ақлақ нормалары мен дінін қорлайтын ұғымдарды қою Париж олимпиадасының ашылу салтанатының бір бөлігі болды. Әлем халқы бұған сенер-сенбесін білмей жаға ұстады.

Бұл рәсімде Леонардо да Винчидің хазірет Иса Мәсіхке(ғ.) қатысты "Соңғы кеш" атты танымал картинасы гомосексуалдық элементтерді пайдалану арқылы қайта жасалып, осы илаһи пайғамбарды және христиан дінін қорлап сахналанды. Мұны дүние жүзі халықтары сынға алды.

"Х" әлеуметтік желісінің ирандық қолданушылары осы қорлыққа реакция білдірді.

Бұл еркіндік емес

"Х" әлеуметтік желісінің ирандық қолданушы Пегаһ Милан хазірет Иса Мәсіхті(ғ.) қорлауды тарих, сенім мен мәдениетке тіл тигізу деп атап: "Бұл – христиандарға көрсетілген ең үлкен қорлық. Бұл еркіндік емес. Жо-жоқ, бұл – тарих, сенім мен мәдениетке құрметсіздік",-деп жазды.

Тұрпайылықтың шегі

"Х" әлеуметтік желісінің ирандық қолданушы Әли Париж олимпиадасының ашылу салтанатында хазірет Иса Мәсіхті(ғ.) қорлауды тұрпайылықтың шегі деп атап: "Париж-2024 олимпиадасындағы тұрпайылықтың шегі Иса Мәсіх картинасынан үлгі алудағы Батыс мәдениетінің құлдырау шегін көрсету болды. Иса Мәсіхтің(ғ.) апостолдармен отырған әйгілі картинасының жаңа иллюстрациясында Мәсіхтің орнына бір семіз жезөкше әйел отырып, оның айналасын трансгендер әйелдер мен ерлер қоршаған",-деп жазды.

Тарихтағы ең ұсқынсыз олимпиада

"Х" әлеуметтік желісінің ирандық қолданушы Монтазер Мехди Париж олимпиадасын тарихтағы ең ұсқынсыз олимпиада деп атап: "Хазірет Иса Мәсіхті(ғ.) қорлау – олимпиаданың ашылу рәсімінде жасалған ең ұсқынсыз істердің бірі",-деп жазды.

Хазірет Иса Мәсіхті(ғ.) қорлау мұсылмандарға құрметсіздік көрсету болып табылады

"Х" әлеуметтік желісінің ирандық қолданушы Мұхаммед олимпиаданың ашылу рәсімінде хазірет Иса Мәсіхтің(ғ.) қорланғанын мұсылмандарды қорлау деп атап: "Илаһи пайғамбарлардың кез келгеніне құрметсіздік көрсету бізге тіл тигізумен бірдей. Ислам Алланың әмірлеріне бас июден басқа ештеңе емес. Әлемде Алланың әміріне бас иген кез келген адам біздің досымыз. Оны қолдауға міндеттіміз",-деп жазды.

"Х" әлеуметтік желісінің ирандық қолданушы Парване: "Мен бір мұсылман ретінде хазірет Иса (ғ.) мен христиандарға көрсетілген құрметсіздікке ашуландым. Сіз бір христиан ретінде бұған қатысты қандай сезімдесіз?"-деп жазды.

Хазірет Иса Мәсіхті(ғ.) қорлағандарға жауап берілуі тиіс

"Х" әлеуметтік желісінің ирандық қолданушы Фатима Монтазер әл-Махди Париж олимпиадасында хазірет Иса Мәсіхті(ғ.) қорлағандарға жауап берілу керегін айтып: "Париж-2024 олимпиадасында діни құндылықтар мен хазірет Иса Мәсіхке(ғ.) құрметсіздік көрсетілді! Мұндай ұятсыз әрекет жауапсыз қалмауы тиіс",-деп жазды.

Мына сайтани олимпиадаға лағынет!

"Х" әлеуметтік желісінің ирандық қолданушы Мұхаммед Холмс Париж олимпиадасын ұйымдастырушыларды сынға алып: "Бір мұсылман ретінде шынымен көңілім түсті! Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында неге жыныстық ауруға шалдыққан бір топ адам хазірет Иса Мәсіхті(ғ.) қорлауы керек?! Франция үкіметі мен мына сайтани олимпиадаға лағынет!"-деп жазды.

Тегтер