Жаңа заман құлдығы: Еуропаның мигрант тартудағы мақсаты – өте арзан жұмыс күшін пайдалану
(last modified Thu, 01 Aug 2024 12:06:45 GMT )
Там 01, 2024 18:06 Asia/Almaty
  • Жаңа заман құлдығы: Еуропаның мигрант тартудағы мақсаты – өте арзан жұмыс күшін пайдалану

Еуропада арзан жұмыс күшін пайдалану және еңбек мигранттарына төмен жалақы төлеу кәрі құрлықта осы әлеуметтік топты теріс пайдаланудың бір үлгісі ғана.

Өз елінен Еуропаға жақсы жұмыс істеу үмітімен қоныс аударған мигранттардың көпшілігі жалақыларының аздығы туралы әшкереленгеннен кейін өздерінің жұмыс визаларының мерзімі біткен соң Еуропа елдерінен депортациялану қаупіне ұшыраймыз деп алаңдайды.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Халықаралық еңбек ұйымы осы жөнінде: "Мәжбүрлі еңбектің жартысынан көбі табысы орташа немесе жоғары табысы бар елдерде орын алады. Және еңбек мигранттарының жарақат алу ықтималдығы үш есе жоғары",-деп мәлімдеді.

Ұлыбританиядағы Әлеуметтік әділет орталығы (Centre for Social Justice) мен Әділет пен күтім институтының (Justice and Care) есебі бойынша, соғыстар, санкциялар және әлемнің әртүрлі аймақтарындағы адамдарға жасалған түрлі қысымдар жаңа құлдық желілерінің белсендігін арттырды. Бұл желілер Еуропа мен Америкада егістіктерде және өте төмен жалақы беретін жұмыс орындарында жәбірленушілерді пайдаланып, ауыр жұмыс жасату арқылы жылына компаниялардың қалтасына миллиардтаған доллар пайда құяды.

Еуропа елдерінің ішінде бүкіл елдегі жұмыс орындарында еңбек мигранттарын үлкен деңгейге қолданатын Германияны атап өтуге болады.

Pars Today ақпарат агенттігінің "Мизан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Германия мигранттар мен босқындар үшін төмен жалақы төленетін мәжбүрлі еңбек бағдарламаларын сынақтан өткізу арқылы адам құқықтарына қатысты дау тудырды. Германия бұл пилоттық бағдарламаны еңбек мигранттары мен босқындарды біріктіру қозғалтқышы ретінде атаса да, сыншылар бұл ел осал топты құл сияқты жұмыс күші ретінде пайдаланып жатқанын айтты. Сөйтіп әсіре оңшылдардың еңбек мигранттары мен босқындардың келуін сынағанына жауап беріп, жұмыс күшінің жетіспеушілігі мәселесін шешуді көздеді.

Шығыс Германияның Тюрингия штатында мигранттар мен босқындарға ағаш кесу және клуб тазалау сияқты жұмыс үшін әдеттегі жалақының үштен бірі ғана төленеді.

Англиядағы еңбек мигранттарының қазіргі жағдайы да онша емес. Осыған байланысты Guardian ағылшын басылымы осы елдің беделді университеттерінің зерттеулеріне сілтеме жасап: "Brexit-тен кейін, яғни Ұлыбритания Еуроодақтан шыққан соң бұл ел жұмыс күші тапшылығына тап болды. Осыған байланысты бұл дағдарыспен күресу үшін Лондон мигранттарға бұрынғыдан әлдеқайда оңай жұмыс визасын береді. Бірақ жаңа шарттар еңбек заңдарының жойылуына және атқарушы органдардың мигранттардың еңбек жағдайларын қадағалауына әкелді. Бұл мәселе мигрант жұмысшылардың «жаңа құлдыққа ұшырау» қаупін арттырды",-деп жазды.

Франциядағы мигранттардың жұмыс жағдайы оларға қарсы нәсілдік кемсітушіліктің тағы бір үлгісі болып отыр.

Euro News-тың хабарлауынша, Францияның ұлттық статистика және экономикалық зерттеулер институтының «Франциядағы мигранттар мен олардың ұрпақтары» атты зерттеуі көрсеткендей, жұмыс істейтін мигранттар көбінесе шектеулі еңбек келісімшарттарына ие, cондай-ақ, жұмыс орындарының көпшілігінде оларға жеңілдіктер аз беріледі, жалақысы төмен болады және еңбек жағдайлары қиынырақ болады.

Осы институттың зерттеулері бойынша, кейбір топтар, әсіресе батыс-африкалықтар және Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінен келген мигранттардың балаларының Франциядағы иммигрант ата-бабаларына қарағанда жалақысы төмен, олардың арасында жұмыссыздық деңгейі жоғары болып отыр.