Там 03, 2024 18:18 Asia/Almaty
  • Еуроодақтың беделінің түсу себептеріне шолу

Еуроодақ комиссиясы жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, Еуропа тұрғындарының көбі Еуроодақтың болашағына пессимистік көзқараспен қарайды. Кейбір ақпараттар мен көзқарастарға сәйкес, әлем де Еуроодаққа оң көзқараспен қарамайды.

Еуроодақтың комиссиясы жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, Германияда Еуроодақтың беделі өткен жылдың мамыр мен қараша айлары аралығында 11 пайызға түскен. Алғаш рет Германия тұрғындарының басым бөлігі (48 пайызы) Еуроодақтың болашағына пессимистік көзқараспен қарап отыр.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Эстонияда Еуроодақтың беделі Германиядағы көрсеткіштен де төмен болып, 13 пайызды көрсетті.

Арзан жұмыс күшін тарту және заңсыз мигранттар түйткілі

Бір неміс газеті: "Германия тұрғындарының арасында Еуроодақтың беделінің түсуінің себебі мынада: Еуроодақ пен оған мүше елдер ортақ миграциялық саясат жүргізбейді. Былтыр (2023) 380 мыңға жуық адам заңсыз Еуроодаққа кірген. Бұл – 2016 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш",-деп жазды.

Еуроодақ заңсыз миграцияға қарсы күресу формуласын табуға тырысып жатқаны бір жағынан, арзан жұмыс күшін тартып жатқаны екінші жағынан мүше елдер дің түрлі қатынасына байланысты нәтиже бермегеніне жылдар болды.

Популистік ағымдардың артуы

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, босқындар дағдарысы Еуроодақты қиын сынаққа қойған жалғыз мәселе емес, керісінше Еуропаның түкпір-түкпірінде популистік партиялар гүлдеп келе жатыр. Ұлыбритания сияқты басқа мүше елдердің Еуроодақтан шығуына қатысты қорқынышты сценарийлер бар.

Daily Mail газетінің жазуынша, 2016 жылы 23 маусымда британдықтар Еуроодақтан шығуға дайын берген кезде сарапшылар бұл өзгерістің Еуропада домино әсерін қалдырып, басқа елдерді де осы жолды таңдауға итермелеуі мүмкін деп ескертті.

Украина дағдарысы

Сарапшылардың айтуынша, әлемнің Еуроодаққа сенімін азайтқан факторлардың бірі – Украина дағдарысы. Бұл дағдарыс Еуроодақ үшін ең нашар жағдайда орын алды. Еуроодақ коронавирус салдарынан туындаған экономикалық дағдарыстан енді шыға бергенде Ресей мен Украина арасында соғыс болып, Еуроодақты жаңа бір шокқа түсірді.

Осы мәлімет бойынша, Ресей мен Украина арасында соғыс Еуропа елдері арасындағы түбегейлі қайшылықтарды көрсетті. Ортақ қорғаныс саясаты, болашақта қуат көздерімен қамтамасыз ету және Еуропаның Ресейге қарсы біртұтас позициясы деген үш салада олардың стратегиялық перспективасында терең алшақтық тудырды.  

Батыс Азиға қатысты екіқырлы стандарт ұстану

ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы  Мария Захарова: "Еуроодақ Украина мен Батыс Азиядағы өзгерістерге екі қырлы стандарттар ұстанып отырғанына байланысты әлемдік жұртшылықтың басым бөлігі бұл одаққа сенуден қалды",-деді.

Захарова: "Еуроодақтың сыртқы саясатындағы екі қырлы стандарттар әрдайым сыналып келеді. Еуроодақтың шашыраңқы әрі идеологияға ұрынған сыртқы саясаты оның саяси болмысының толық жойылуына және әлем елдерінің көбінің сенімінен айырылуына себеп болды",-деді.

Захарова: "Еуроодақ Палестина мен Израиль арасындағы соғыс жайлы сөйлеген кезде осы одақтың сыртқыс саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррель жылдам нәтиже шығаруға асықпайды және ешбір тарапты айыптамайды",-деді.

Үйлесімдіктің болмауы

Аустрияның "Стандарт" газеті Еуропа елдерінің ұлтшылдығы және бір-бірімен үйлесе әрекет етпеуін осы одақтың беделінің түсуі және халықаралық мәселелерді шешудегі рөлінің азаюына себеп деп бағалады.

Экономикалық әлсіздік

Еуроодақтың жаһандық беделінің төмендеуіне себептердің бірі – еуро аймағы экономикасының күтілген межеден төмен дамуы.

Бұған дейін Еуропа комиссиясы: "Еуро аймағының экономикасы 2024 жылы күтілген межеден төмен дамыды. Мұның себебі – бағалардың өсуі және Еуропаның орталық банкінің пайыздық межесінің жоғары болуы. Бұл несие беруге шектеу тудырды",-деп мәлімдеген болатын.

Еуроодақтың атқару органының болжамы бойынша, еуроны қолданатын 20 елдің жалпы ішкі өнімі 2024 жылы 1,2 пайыздың орнына 0,8 пайызға ғана артты.

Еуроодақтың экономикалық комиссиясының басшысы айтқандай, Еуроодақ экономикасы 2023 жылы барысында өте ауыр дамыды, 2024 жылдың алғашқы үш айындағы көрсеткіші де мәз емес.  

 

Тегтер