Иранда шәһид Хания үшін кек алуды білдіретін қызыл тудың ілінуіне жаһандық реакциялар
Исмаил Хания сионистік режимнің қолынан қаза тапқаннан кейін Джамкаран мешітінің туы "Иа, лесарат ул-Хусейн" деп жазылған қызыл тумен алмастырылды.
Иранда кек алуды білдіретін қызыл тудың желбіреуі әлем бойынша реакциялар тудырды.
Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Washington Examiner журналы осы туралы: "Иран қызыл кек туын көтерді. ХАМАС басшысының өліміне кек алуды уәде етті",-деп жазды. Бұл америкалық басылым мұндай тудың сирек көтерілетінін, соңғы рет Қасым Сүлейманиге жасалған террордан кейін болғанын айтты.
Еуропаның ең маңызды газеттерінің бірі әрі Францияның ең беделді газеттерінің бірі саналатын Le Monde басылымы: "Сәрсенбі күні шиіттер үшін қасиетті жер саналатын Джамкаран мешітінің төбесіне қызыл ту ілінді. Бұл – ХАМАС басшысы Исмаил Ханияға Теһранда жасалған террорға үлкен кек алу символы. Террорды Израиль жасады деп есептеліп отыр. Бұған дейін бұл ту 2020 жылы сардар Қасым Сүлеймани шәһид болғаннан кейін желбіреген еді",-деп жазды.
Штаб-пәтері Лондонда орналасқан New Arab арнасы осы оқиғаны түсіндіре келіп: "Исмаил Ханияға террор жасалғаннан кейін қызыл кек туы ілінді. Өйткені аятолла Хаменеи Израильге шабуыл жасауға бұйрық берді",-деді.
Мысырдың "Egypt Independent" газеті осы туралы мақаласында: "Ханияға жасалған террордан кейін Иранда қызыл ту ілудің қандай жолдауы бар? Иран қызыл туды алдағы ауыр ұрысқа дайын болу үшін ескерту ретінде ілді. Шиизм мектебінде қызыл ту – нақақтан төгілген қанның символы әрі шәһидтердің кегін алуға үндеу. Ежелгі Иранның салт-дәстүрі бойынша қызыл ту қаны төгілген адамның үйінің төбесіне ілініп, кек алынбайынша түсірілмейтін болған",-деп жазды.
Үндістанның "Kashmir Observer" газеті де осы тақырыпқа тоқталып: "Иран қызыл кек туын ілді. Иранның рухани көсемі Исмаил Ханияның кегін Израильден алу үшін ауыр жаза уәде еткеннен кейін Құмдағы үлкен мешіттің төбесіне қызыл ту ілінді. Соңғы рет бұл ту Иранның Израильге бұрын-соңғы болмаған зымырандық және дрондық шабуылы кезінде байқалған еді",-деп жазды.
Үндістанның тағы бір шазеті View News шұғыл хабарда: "Иран Джамкаран мешітінің төбесіне қызыл ту іліп, Ханияның қанына кек алуға серт берді",-деп жазды.
Бангладештің Business Standard газеті осы туралы: "Иран соғысқа дайын екенін көрсету үшін кек туын көтерді",-деп жазды.
Ұлыбританияның Clever Politic газеті осыған ұқсас: "Иран қызыл кек туын көтеріп, ХАМАС басшысына жасалған террорға кек алуға серт берді",-деп жазды.
Сондай-ақ, бұл хабар "Х" әлеуметтік желісіндегі Mossad Commentary атты қолданушының назарына ілікті. Globe Eye News-тің ресми сайты қызыл туды кек символы деп атады.
Ал сионистік режим қарсыласу күштерінің екі ірі тұлғасының өлтірілгеніне байланысты қарсыласу топтары мен олардың одақтастары тарапынан қарымта шабуыл болу ықтималын ескеріп, толық "дайын бол" жағдайына көшті.
Сионистік режимнің ақпарат құралдары жұма күні кешке: "Иранның шабуыл жасау ықтималын ескеріп, Израильдің ауруханалары толық "дайын бол" жағдайына көшті",-деп хабарлады.
Сионистік режимнің кейбір ақпарат құралдары жұма күні кешке Иранның басып алынған жерлерге қарымта шабуыл жасау ықтималы туралы: "Израильдің есептеулері бойынша, Иран ірі зымырандар атады",-деп уәж айтты.
Сионистік режимнің ақпарат құралдары сондай-ақ: "Израильдің есептеулері бойынша, Иранның шабуылдары Израильдің коммуникациялық жүйелерін шектеуге бағытталуы мүмкін",-деп уәж айтты.
Израильдің Соғыс министрі Иоав Галант қарсыласу өзегінің аймаққа жойқын шабуыл жасауынан қорқып, осы режимді қорғау үшін коалиция құруға өтініш білдірді.
ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хания мен оның бір оққағары сәрсенбі күні таңертең Теһранда лаңкестік әрекет салдарынан шәһид болды.