Париж олимпиадасы: Израильдің пропогандасы – спорт артындағы саясат
(last modified Mon, 05 Aug 2024 12:20:41 GMT )
Там 05, 2024 18:20 Asia/Almaty
  • Париж олимпиадасы: Израильдің пропогандасы – спорт артындағы саясат

Жарияланған ақпараттар пен суреттер бойынша, Израиль спортшыларының бірқатары – Газада соғыс қылмыстарын жасаған әскерилер.

Париж олимпиадасында Израиль режимінің сарбаз-спортшылары мен командалары өз туын алып алаңға шықты. Бұл олимпиада спорттық шара болудан бұрын Израиль режимінің үгіт-насихат ұйымдарының саяси көріністер қоюына мұрсат болып отыр. Осылайша олар Израильдің соғыс қылмыстарын жаңалықтарда қалыпты жағдайдай солғындатып көрсете алды.

Pars Today ақпарат агенттігінің сараптамасында Израильдің Париж олимпиадасына заңсыз қатысуы туралы ойлар айтылған:

  1. Олимпиада – көбірек өлтіруге мүмкіндік

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш өз бейнежолдауында қақтығысушы тараптардан олимпиада ойындарына орай атысты тоқтату бітімін қабылдап, қаруларын тастасын деп айтқанынан 24 сағат өтпей жатып, Израиль күштері Газадағы Дейр ул-Балхқа жақын жердегі бір мектепке әуе шабуылын жасады. Соның салдарынан кемінде 30 палестиналық қаза тауып, 100-ден аса адам жараланды. Бұл қылмыстар олимпиада ойындары өтіп жатқан күндерде жалғасын тапты. Олимпиаданың дүбірлі додасымен бір мезгілде сионистік режим өз агрессиясын үнсіз жүзеге асыруда.

  1. Олимпиада пропаганда үшін

Израиль режимі өз қылмыстарын жасыру үшін спортты құрал ретінде пайдаланып отыр. Басқаша айтқанда, өз қылмыстарын "спортпен шайып" жатыр. Бұл қатысу Израиль режиміне қылмыстарын заңдастыруға және оны жаһандық деңгейде жұмсақ күш ретінде пайдалануға көмектеседі. Израиль режимі командасының Париж-2024 олимпиадасына қатысуы Беньямин Нетаньяху үшін үлкен үгіт-насихат жеңісі болып саналады.

  1. Ресей мен IOC-тің екіқырлы стандарттары

IOC Ресейге Украинаға соғыс ашқаны үшін байкот жариялағанымен спорт кешендерін бомбалап, көптеген спортшылар мен жаттықтырушыларды, соның ішінде олимпиадаға қатысатындарды өлтірген Израильге қарсы ұқсас шара қолданбады. Екінші жағынан, Газаға жасалған шабуылдар Израильдің спорттық жарыстарға қатысуына бойкот жариялау немесе тыйым салу туралы талаптарға себеп болды. IOC бұған реакциясында жауапкершіліктен бас тартып, үстірт мәлімдеме жасады. IOC басшысы Томас Бах: "Біз саяси ұйым емеспіз. Біз тек спортшыларды біріктіруге тырысамыз",-деді.

  1. Сарбаз-спортшыны таныстыру

Жарияланған ақпараттар пен суреттер бойынша, Израиль спортшыларының бірқатары – Газада соғыс қылмыстарын жасаған әскерилер. Тілші Карим Зейдан бұл туралы: "Париж-2024 олимпиадасына қатысып жатқан 88 израильдік спортшының арасында кемінде 30 адам ашық түрде Израиль соғысы мен қорғаныс күштерін (IDF) қолдады",-деді. Алайда Израиль режимінің болуы соғысқа қарсылар мен құқық қорғаушылардың жаппай наразылығына ұшырады. Олардың пайымдауынша, халықаралық қауымдастық АҚШ пен Батыстың қысымынан есеңгіреп, Израиль режимінің адам құқықтарын бұзуына шындап қарсы шыға алмай отыр.

Әрине халықтық топтар да құр қалмай, Израиль режимінің Париж олимпиадасына қатысып жатқанына наразылық ретінде түрлі іс-шаралар атқарып жатыр. «Жасасын Палестина» және «Газаға бостандық» сияқты Палестинаны қолдайтын граффитилерді қаланың түкпір-түкпірінен көруге болады.