Жаңалықтарға шолу: 10000 сионистің өлтірілуі немесе жаралануынан америкалықтарды Ирактан шығару кестесіне дейін
(last modified Mon, 05 Aug 2024 15:23:25 GMT )
Там 05, 2024 21:23 Asia/Almaty
  • Жаңалықтарға шолу: 10000 сионистің өлтірілуі немесе жаралануынан америкалықтарды Ирактан шығару кестесіне дейін

Йеменнің Ұлтты құтқару үкіметінің мүшесі Әли әл-Қахум сионистік режимнің Иранда шәһид Исмаил Ханияға жасаған қастандығына қарсыласу өзегінің қалай жауап беретінін түсіндіре келіп: "Бұл қылмысқа жауап тек Иран тарапынан берілмейді, бүкіл қарсыласу өзегі тарапынан болады",-деді.

Сионистік режимнің басшылары Иран мен Хизболла басып алынған жерлерге шабуыл жасайды деп қорқып отыр. Рейстер тоқтатылғаннан кейін 150 мың израильдік сергелдеңге түсті. Йемен Иранның Израильге шабуылын қолдайды. Газаны бомбалау жалғасуда. Pars Today-дің Батыс Азияға қатысты жаңалықтар легі осындай. 

Дрондардың басып алынған жерлерге енуі және қауіп дабылының іске қосылуы

Al-Jazeera арнасының дүйсенбі күні хабарлауынша, сионистік ақпарат көздері Ливан Хизболласының ұшқышсыз ұшақтары басып алынған аймақтарға енгеннен кейін осы аймақтың солтүстігіндегі Кирят-Шмона және әл-Джалил аудандарында қауіп дабылы іске қосылды деп хабарлады. Хезболланың барлаушы және шабуылдаушы дрондарының Израиль әуе кеңістігіне енуі соңғы айларда жиі қайталанған жайттардың бірі болып отыр.

Иранның ықтималды шабуылынан қорқыныш үдеді

Mehr ақпарат агенттігінің дүйсенбі күні хабарлауынша, кейінгі кезде басып алынған жерлер ХАМАС-тың саяси басшысы Исмаил Ханияға жасалған қастандыққа байланысты Иранның ықтималды қарымта жауабынан қорқып отыр. Өйткені Теһран үкіметі кек алынатынын баса айтты. Сионистік режим мұның алдын алудың жолдарын іздестіріп жатыр.

Иран армиясы мен Сақшылар корпусы бірлесіп шабуыл жасайды

Израильдің "Алмай" зерттеу орталығы жаңа есебінде: "Иран Израильге ауқымды шабуыл жасайды. Онда зымырандардың түр-түрі пайдаланылады. Аймақтағы қарсыласу өзегі, әсіресе Хизболла күштері осы әскери амалға қатысады",-деп мәлімдеді.

Израильдің "Алмай" зерттеу орталығының есебі бойынша, Иранның жаңа шабуылы 14 сәуірде Дамасктағы Иранның бас консулдығына шабуылға жауап ретінде Теһран үкіметінің Израильге жасаған шабуылынан әлдеқайда күшті болады.

Нетаньяху бункерді паналады

Сионистік режимнің ақпарат құралдары жексенбі күні: "Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен оның әріптестері Соғыс министрлігінің жерасты бункеріне орналасты. Иран мен қарсыласу топтарының ықтималды шабуылынан қорқу сионистік режимнің қауіпсіздік және әкімшілік органдарында қобалжу тудырды. Басып алынған жерлердің тұрғындарының көбі түні бойы ұйықтамады немесе бункерлерге тығылды",-деп хабарлады.

Нетаньяху: Иран бізді қоршауға алғысы келеді

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху жуырдағы сөзінде: "Иран мен қарсыласу өзегінің Теһранда Исмаил Ханияға жасалған террорға кек алуға уәде еткеніне тоқталып, Иран мен оның гибридтік күштері бізді қоршауға алғысы келеді",-деді.

Тель-Авив АҚШ және Еуропамен Ираннан қорғасын деп кеңес жүргізуде

Сионистік режимнің 13-ші арнасы жексенбі күні: "Израиль АҚШ және Батыс елдерінің басшыларымен Тель-Авивті Иранның шабуылынан қорғауға қатысты сұхбаттасып жатыр"-деп әшкере етті. АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық қатынастарды үйлестірушісі әрі баспасөз өкілі Джон Кирби: "Иран басшыларының ХАМАС кеңсесінің саяси басшысы Исмаил Ханияның өлтірілгенінен кейін Израильден кек алуға қатысты мәлімдемелерін байыппен қабылдау керек",-деді.

Рейстер тоқтатылғаннан кейін 150 мың израильдік сергелдеңге түсті

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израильдің 12-ші арнасы Тель-Авивке ұшатын рейстер тоқтатылғаннан кейін ел сыртындағы шамамен 150 мың израильдік сергелдеңге түсті. Израиль мен Хизболла арасындағы текетірестің күшеюі салдарынан 15 халықаралық әуе компания Тель-Авивке ұшатын рейстерін алып тастады.

Израильдің соғыс шығындары

"Едиот Ахронот" газетінің хабарлауынша, 2023 жылдың 7 қазанынан бері кемінде 10 мың израильдік әскери қызметкер қаза тапты немесе жараланды. Айына 1000 сарбаз реабилитацияны қажет ететін мүгедектер тізіміне қосылады. Бұл статистика Израильдің Соғыс министрлігі тарапынан ресми түрде жарияланып отырады.

Йеменнің ұлтты құтқару үкіметі: Қарсыласу өзегі Тель-Авивке жауап беруде Иранға көмектеседі

"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Йеменнің Ұлтты құтқару үкіметінің мүшесі Әли әл-Қахум жексенбі күні сионистік режимнің Ливанда Хизболла қолбасшылары мен Иранда шәһид Исмаил Ханияға жасаған қастандығына қарсыласу өзегінің қалай жауап беретінін түсіндіре келіп: "Израиль мен АҚШ аймақтағы қақтығыс ауқымының кеңеюіне жауапты.  Израильдің Теһран мен Ливандағы қылмыстарына жауап тек Иран тарапынан берілмейді, бүкіл қарсыласу өзегі тарапынан болады. Қарсыласу өзегі "Әл-Ақса дауылы" операциясының басынан бері сөз және әрекет майданында барлық істі басқарып келеді",-деді.

Йемен Қарулы күштері америкалық ұшқышсыз ұшақтың құлатылғанын хабарлады

Al-Masirah арнасының хабарлауынша, Йемен Қарулы күштерінің баспасөз өкілі Яхия Сари жексенбі күні Сағда облысының көгінде MQ9 америкалық ұшқышсыз ұшақтың құлатылғанын және Аден шығанағында сионистік режимді қолдайтын бір кемеге қарсы әскери амал жүргізілгенін хабарлады.

Сионистік режимнің түрмелерінде 10 мың палестиналық тұтқында жатыр

Al-Jazeera арнасының жексенбі күні хабарлауынша, сионистік режимнің түрмелерінде жатқандарды қолдау үшін құрылған адам құқығын қорғау ұйымы саналатын Палестиналық тұтқындар қоғамы: "Тамыз айындағы статистикалық мәліметтер көрсеткендей, 9900 палестиналық Израильдің түмелерінде жатыр. Бірақ бұл статистикаға Газадағы Израильдің әскери базаларында жатқан палестиналықтар кіргізілмеген",-деді. 

Осы күнге дейін 3432 палестиналық сионистердің әкімшілік тергеу изоляторында жатыр. Тек Дамон түрмесінде 86 палестиналық әйел тұтқында жатыр. Сондай-ақ палестиналық тұтқындар арасынан кемінде 250 бала көруге болады.

Газаның тұрғын аудандары бомбаланды және осы секторда экологиялық апат болды

"Палестина әл-Яум" арнасының медициналық дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, сионистік режимнің кеше Газа секторының түкпір-түкпіріне айуандық шабуылдарынан кемінде 54 адам қаза тапты. Сондай-ақ сионистік режим армиясының Газа секторының су және канализация жүйелерінде үздіксіз шабуылдары салдарынан бұл аймақта экологиялық апат орын алды. Осы шабуылдар салдарынан бұл аймақта тері аурулары мен гепатит кең таралып жатыр.     

Ирак Премьер-министрі: Аймақтағы шиеленістің алдын алудың жалғыз жолы – Нетаньяхуды тежеу  

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Вашингтон ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хания мен Ливандағы Хезболланың жоғары қолбасшысы Фуад Шекардың өлтірілгеніне қарсылық өзегінің жауабын болдырмауға талпынып жатыр. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен жексенбі күні кешке телефон арқылы Ирак Премьер-министрі Мұхаммед әс-Суданимен сұхбаттасты.

Осы телефон арқылы сұхбатында әс-Судани аймақтағы шиеленістің алдын алудың жалғыз жолын Израиль Премьер-министрі Нетаньяху мен Министрлер кабинетін тежеу деп атады.

Ирактың "Бадр" ұйымының бас хатшысы: Америкалық күштерді Ирактан шығару мерзімі жарияланады

"Әл-Мауазин ньюз" ақпарат агенттігінің жексенбі күні хабарлауынша, Ирактың "Бадр" ұйымының бас хатшысы Хади әл-Амери: "Шетелдік күштерді Ирактан шығару шешімі қайтымсыз",-деді.

Хади әл-Амери: "Бұл күштерді Ирактан шығару кестесі жақын арада жарияланады. Аймақтағы барлық зұлымдықтар Иракта америкалықтардың болуымен байланысты",-деді.

Осы ақпарат агенттігінің айтуынша, АҚШ-тың басқыншы күштері 2003 жылдан бері Иракта орналасты. Олардың ең үлкен базасы – Ирактың батысындағы әл-Анбар провинциясында орналасқан "Айн әл-Асад" базасы.