Там 06, 2024 18:13 Asia/Almaty
  • Пезешкиан: Әлемде монополия дәуірі аяқталды

Иран Президенті Ресейдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысымен кездесуінде кейбір алпауыттардың, соның ішінде АҚШ-тың әлемдегі монополия дәуірі аяқталғанын айтып: "Иран мен Ресейдің көпполярлы әлемді ілгерілету бағытындағы ортақ ұстанымдары жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті одан әрі ілгерілетуге себеп болатыны сөзсіз",-деді.

Ресейдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу ИИР басшыларымен кездесу үшін Теһранға келді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Президенті Масуд Пезешкиан Шойгумен кездесуінде сионистік режимнің Газадағы қорқынышты қылмыстары мен аймақта соғыс отын тұтату үшін жасап жатқан әрекеттеріне тоқталып, адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатын АҚШ пен Батыстың кейбір едерінің сионистік режимнің қылмыстарын қолдап отырғанын сынады.

Пезешкиан сионистік режимнің Газа халқына қарсы қылмыстары және Иранда ХАМАС-тың саяси басшысы Исмаил Ханияға террор жасағанын халықаралық  заңдарды бұзудың айқын мысалы деп атап: "Иран аймақта соғыс пен дағдарысты кеңейтуді қаламайды. Бірақ сионистік режим өз қылмысына қарымта жауап алады",-деді.  

Иран Президенті сондай-ақ Ресеймен қарым-қатынасты дамытуды ИИР сыртқы саясатының басты басымдықтарының бірі деп атап, екі ел арасында қол қойылған келісімдердің орындалуын жылдамдату керегін айтты.

Пезешкиан Ресейге Палестина халқын қолдап, сионистік режимнің қылмыстарын айыптағаны үшін алғыс айтып, ИИР-дың екі ел арасындағы саяси-экономикалық әріптестікті дамытуға ниетті екенін баса айтты.

Сергей Шойгу да осы кездесуде ИИР-ді Ресейдің Батыс Азия аймағындағы басты стратегиялық одақтасы деп атап, екі елдің көпполярлы әлем құру және аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы ортақ талпыныстарына ризашылығын білдіріп: "Ресей мен Иранның қарым-қатынасы барлық салада дамып жатыр. Әріптестікті одан ары дамытуға жақсы перспективалар бар",-деді.

Ресейдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы сондай-ақ өз елінің екі ел арасындағы ортақ жобаларды орындауға, соның ішінде Солтүстік-Оңтүстік дәлізін жылдамырақ іске қосуға дайын екенін айтып: "Ресей халықаралық ұйымдарда, соның ішінде БҰҰ, BRICS пен Шанхай ынтымақтастық ұйымында ИИР-мен әріптестікке үлкен мән береді",-деді.  

Тегтер