Ұлыбританиядағы мұсылмандарға қарсы нәсілшілдерді кім басқарып отыр?
Ұлыбританиядағы нәсілшіл ағымдар исламофобия және бөгдеден қорқу сезімін пайдаланып, әлеуметтік наразылықтарды пайдаланып, қоғамға іріткі салып, қатыгездік жасауды таратуды көздеп отыр. Осы арада Израиль мен сионистік топтардың қолдауы мұндай наразылықтарды өршітуде маңызды рөл ойнап отыр.
Ұлыбританияда бүлік пен бейберекеттік белең алғаннан кейін әсіре оңшыл топтар мигранттар мен мұсылмандарға шабуыл жасады.
Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл наразылықтар Ұлыбританияның Саутпорт қаласында бір жас баланың үш қыз баланы пышақтап тастағанынан кейін күшейді. Бұл шабуылды 17 жастағы бір жеткіншек жасады. Әлеуметтік желілерде ол қателіктен мұсылман мигрант деп таныстырылды. Шын мәнінде ол бір руандалық христиан отбасында дүниеге келген.
Әрісе оңшыл топтардың рөлі
Бұл оқиғада әрісе оңшыл топтардың айтақтауымен босқындарды қабылдайтын қонақ үйлерге шабуыл жасалды. Ұлыбританияны қорғау лигасының негізін қалаушы Томми Робинсон осындай арандатушылардың бірі болды. Ол әлеуметтік желілерде арандатушы бейнежазбалар таратып, текетірестің шиеленісіп кетуге себеп болды. Робинсон қазіргі таңда Кипрда жұмыс жасап отыр. Ол Ұлыбританияда сот жазасынан қашып сонда барды.
Танымал тұлғалардың әсері
Әсіре топтар тек Томми Робинсонмен шектелмейді. Андрью Тейт және Найджл Фараж сияқты танымал тұлғалар наразылықтарды қоздырды деп айыпталды. Ұлыбританияны реформалауға бағытталған миграцияға қарсы қозғалыстың жетекшісі Найджл Фараж іріткі салу сипатындағы сөздер айтып, мигранттар мен мұсылмандарға тиісті. Ол жуырда: "Мұсылмандар британдық құндылықтарға үйлеспейді",-деп уәж айтты. Фараж өз сөзінде көше тәртіпсіздіктерін "қоғамдық қорқыныш пен наразылыққа реакция" деп ақтап, болашақ туралы: "Хартлеппул, Лондон немесе Саутпорт көшелерінде көрген нәрселеріңіз алдағы апталарда орын алуы мүмкін жайттармен салыстырғанда ештеңе емес",-деп сес көрсетті.
Британ үкіметі мен қауіпсіздік күштері
Премьер-министр Кир Стармер бастаған Ұлыбритания үкіметі бұл тәртіпсіздіктерді қатты айыптап, оны "заңсыз бұзақылықтар" деп атады. Ол теледидарда сөйлеп: "Сіздер осы тәртіпсіздіктерге қатысқандарыңыз үшін өкінетіндей ететініме кепілдік беремін. Бұл тікелей қатысқан адамдарға да, әлеуметтік желілерді шулатқан адамдарға да қатысты",-деді.
Ұлыбританияның Ішкі істер министрі Ивет Купер Sky News-ке берген сұхбатында: "Жазғы демалыста жүрміз деп ойлаған адамдар қазір өз үйлерінде полиция қызметкерлерімен кездесетін болады",-деді.
Ұлыбритания антитеррористік полициясының бұрынғы басшысы Нейл Басу Фаражды қатыгездіктерді айыптамады деп жазғырып: "Найджл Фараж қатыгездікті айыптады ма? Ол Ұлыбританияны қорғау лигасын айыптады ма?"-деп сұрады.