Солтанифар Қытайда әлемдік туризм саммитінде баяндама жасады
https://itolqyn.com/news/world-i7837
Иранның Мәдени мұра және туризм ұйымының төрағасы туризм өнеркәсібін тұрақты экономиканы дамытудағы маңызды фактор деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 19, 2016 21:29 Asia/Almaty
  • Солтанифар Қытайда әлемдік туризм саммитінде баяндама жасады

Иранның Мәдени мұра және туризм ұйымының төрағасы туризм өнеркәсібін тұрақты экономиканы дамытудағы маңызды фактор деп атады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран президентінің орынбасары әрі Иранның Мәдени мұра және туризм ұйымының төрағасы Масуд Солтанифар бейсенбі күні Қытай астанасы Бейжіңде әлемдік туризм саммитінде сөйлеген сөзінде туризм өнеркәсібін тұрақты экономиканың дамуы және тұрақты тұтыныс сынды міндеттерді жүзеге асырудағы маңызды фактор деп атады. Солтанифар сонымен қатар саяхат және туризм өнеркәсібін тұрақты дамуды мақсат ететін қоғамдардың мақсаттарын жүзеге асыратын жаһандық, табыс әкелетін және жұмыспен қамтитын ең маңызды, ең үлкен және дамып келе жатқан өнеркәсіп деп атады.

Солтанифар «Туризм бейбітшілік пен даму үшін» деп таңдалып алынған саммиттің тақырыбын маңызды деп бағалап: «Иран осы өлкелерде әртүрлі салалардағы екіжақты және жан-жақты серіктестіктерді арттыруға дайын» деп қуаттады. «Туризм бейбітшілік пен даму үшін» атты халықаралық саммит осы өнеркәсіпті әлемдік туризм ұйымы және Қытайдың мұрындық болуымен дамыту мақсатында бүгін, бейсенбі күні Бейжіңде ашылды.