Пезешкиан: Иран мен Индонезия арасындағы қарым-қатынасты тереңдету ислам әлемінің бірлігін арттырады
Иран Президенті жұма күні Индонезияның тәуелсіздік күніне орай осы елдің үкіметі мен халқына құттықтау хатын жолдады.
Иран Президенті Масуд Пезешкиан Индонезияның тәуелсіздік күніне орай жолдаған құттықтау хатында: "Иран мен Индонезия арасында әртүрлі салалардағы қарым-қатынасты тереңдету ислам үмбетінің бірлігі мен ынтымақтастығын арттырып, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықтың кеңеюіне ықпал етеді",-деді.
Пезешкианның Индонезия Президенті Джоко Видодоға құттықтау хатында: "Екі елдің тарихи байланысы мен ортақ мүдделерін, сондай-ақ әртүрлі салалардағы көптеген мүмкіндіктерді ескере отырып, біз өзара жақын қарым-қатынас пен тұрақты достықтың мүмкіндігінше нығаятынына куә боламыз деп сенемін",-делінген.
Иран мен Индонезия түрлі салаларда достық байланысты сақтап келеді.
Халқы ең көп ислам елі Индонезия ұзақ жылдар бойы голландиялық отарлаушылардың қол астында болды.
Индонезияның тәуелсіздігі туралы декларация 1945 жылы 17 тамыз, жұма күні жарияланды. Декларация жарияланғаннан кейін Нидерланды күштеріне қарсы саяси және әскери қарсылық басталды. Осы қарсылықтың арқасында Нидерланды 1949 жылы Индонезияның тәуелсіздігін ресми мойындауға мәжбүр болды.