Осы уақытқа дейін Ауғанстанға америкалық сегіз мың тыңшы жіберілген
Ауғанстанның бұқаралық ақпарат құралдары Америка ұлттық қауіпсіздігі агенттігі басшысы орынбасарының сөзіне сілтеме жасап: "Америка 2001 жылдан осы уақытқа дейін өзінің сегіз мың қызметкерін тыңшылық жасау үшін Ауғанстанға жіберген" деп хабарлады.
Оның айтуы бойынша телефон сұхбаттарын тыңдау Америка ұлттық қауіпсіздік агенттігі қызметкерлерінің ең маңызды міндеттерінің бірі. Бұл мәлімет Ауғанстандағы телефон сұхбаттарының 22 миллиард жайты әшкереленген соң осы елдің үкіметі х.ш.ж.с.б. 1393 жылы америкалықтар тарапынан телефон әңгімелерінің тыңдалуына қатты наразылық білдіріп, оны Ауғанстанның ұлттық тәуелсіздігі мен ауған халқының азаматтық құқықтарын бұзу деп атаған жағдайда жарияланып отыр.