Қыр 11, 2024 16:54 Asia/Almaty
  • Араб әлемінің сарапшысы: Батыс Украина соғысының отын өршітіп, өтірік Иранның атын айтып жатыр

Әйгілі араб сарапшысы АҚШ пен Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымының (НАТО) Иранның әскери өнеркәсіптердегі ілгерілеуіне қатысты алаңдаушылықтың артып келе жатқанын хабарлады.

 

Абдулбари Атван, белгілі араб сарапшысы: «Американың Иранды Ресейге баллистикалық зымыран жіберді деп айыптауы АҚШ пен НАТО-ның Иранның әскери ілгерілеуіне, әсіресе зымыран саласындағы ілгерілеуіне қатысты алаңдаушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл НАТО үшін сынақ болып табылады және оның соғыс алаңындағы әскери жағдайы Батыс Азия аймағында ерекше болып саналады».

Pars Тoday ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Атван  «Рай әл-Яум» газетіндегі мақаласында Американың «Уолл-стрит журнал» газетінің Иранның Ресейге баллистикалық зымыран жібергені туралы айыптауларын жоққа шығарып, былай деп жазды: «АҚШ Мемлекеттік департаменті Украинаға 250 миллион долларлық соңғы қару-жарақ жөнелтілгенін жариялаған жағдайда Иранға қарсы бұл айыптың көтерілуі таң қалдырады».

Бұл мақалада Иранның БҰҰ-дағы өкілінің мәлімдемелеріне сілтеме жасап, Атван былай деп қосты: «Иранның БҰҰ-дағы өкілі Американың «Уолл-стрит журнал» газетінде жарияланған хабарды үзілді-кесілді теріске шығарып, оны жаңылыс әрі негізсіз деп санап, Американың Франция мен Англия бұл жалған хабарды тарата бастады». Осы мақаласында арабтың атақты сарапшысы Иранның БҰҰ-дағы өкілінің сөзіне сілтеме жасап, Украинаға батыстық және алдыңғы қатарлы қару-жарақтарды, әсіресе АҚШ-тың жіберуі бұл соғыстың ұзаруына себеп болғанын тілге тиек етті.

Оның айтуынша, АҚШ үкіметі де Ресей жерінің тереңдігін нысанаға алуы үшін Украинаға ұзақ қашықтықтағы зымырандарды беруді көздеп отыр, Мәскеу мұны соғысқа тікелей араласу және оның барлық қызыл сызықтарын жоққа шығару деп санайды.

Атван әрі қарай былай деп жазды: «Миллиардтаған долларлық заманауи қару-жарақтарды, соның ішінде «F-16» жойғыш ұшақтарын, «Пэтриот» зымырандарын және жаңа танктерді Украинаға жіберудің заңды екені екіжүзділіктің шыңы».

Бұл әйгілі араб сарапшысы әрі қарай Израильдің Газадағы қылмыстарын қолдағаны үшін Американың жаһандық деңгейдегі позициясының төмендеуіне тоқталып: «Америка Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен сионистік лоббиден қорқып, Газаға қарсы соғысты тоқтата алмады»,- деді. 

Соңында Атван Американың дәуірі аяқталғанын баса айтып, былай деп жазды: «Жаһандық деңгейде Американың жағдайы бұрынғы отаршыл империялардың, соның ішінде Францияны, Ұлыбританияны, Португалияны және Бельгияныкіне ұқсас жаңа көпполярлық қалыптасуда».

Тегтер