Сауд Арабиясы ан-Носрат майданына улы газ жіберді
(last modified Thu, 19 May 2016 16:29:55 GMT )
Maм 19, 2016 22:29 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы ан-Носрат майданына улы газ жіберді

Еуропаның қауіпсіздік және барлау ұйымының бас хатшысы Сауд Арабиясының ан-Носрат майданы лаңкестеріне улы газ жібергенін хабарлады.

Desiagency-дің бүгін, бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Еуропаның қауіпсіздік және барлау ұйымының бас хатшысы Хайсам Абу-Саид ан-Носрат майданы мен Сауд Арабиясының Сирияда ынтымақтастық жасауы туралы айтып: «Арабстан Иордания арқылы Сирияға улы газ кіргізіп, ан-Носрат майданының лаңкестеріне берді.

Ан-Носрат майданының лаңкестері өткен сәуір айында Сирияның Алеппо қаласынының маңындағы Шейх Мақсуд аймағында осы улы затты әскери емес адамдарға қарсы қолданды. Ан-Носрат майданының Сирияда әскери емес адамдарға улы газ қолдануы алғашқы рет емес. Мұндай жайт бұдан бұрын да БҰҰ-ның ресми орталары тарапынан тіркелген болатын» деп қуаттады. Бейсенбі күні Балкан журналистикалық зерттеу орталығы да өзінің репортажында Арабстанның осы елден сатып алынған қару-жарақ пен оқ-дәрінің Иордания арқылы Сирия аумағына контрабандалық жолмен тасымалдануы үшін ай сайын Арабстанның Джидда қаласынан Болгарияның София қаласына жүйелі түрде рейстердің жасалатынын мәлім етті