Марк Руффало, Сюзан Сарандон және Синтия Никсон және 700 американдық актерлер Израиль қылмыстарына қарсы
(last modified Sun, 15 Sep 2024 15:43:50 GMT )
Қыр 15, 2024 21:43 Asia/Almaty
  • Марк Руффало, Сюзан Сарандон және Синтия Никсон және 700 американдық актерлер Израиль қылмыстарына қарсы

Американың актерлер гильдиясының мүшелері Израильдің қылмыстарын айыптаған хатында Газада атысты тоқтатудың қажеттігін баса айтты.

Ашық хатта Америка Актерлер Гильдиясының 700-ден астам мүшесі қауымдастықтың Палестинаны қолдау ұстанымын, Газада тұрақты атысты тоқтатуды, журналистерге қарсы зорлық-зомбылықты айыптауды және Палестинаны қолдайтын актерлерді қолдауды талап етті. Pars Today агенттігінің хабарлауынша, Марк Руффало, Рами Юсеф, Сюзан Сарандон, Мелисса Баррера және Синтия Никсон осы қауымдастықтың басшылығынан Палестина халқына тікелей қолдау көрсетуді сұраған Америка киноактерлері гильдиясының жүздеген мүшелерінің қатарында.

SAG-AFTRA президенті Фран Дрешер және басқа кәсіподақ жетекшілері де мүшелерді палестиналықтарды қолдау көзқарастары үшін қара тізімге енгізуден қорғауға шақырды. Хатта: "Израиль армиясы негізгі адам құқықтарын қорғау топтары әскери қылмыс деп атаған қауіпсіз аймақтарға, мектептер мен ауруханаларға шабуылдарын жалғастыруда",- деп айтылды.

Бұл хаттың тағы бір бөлігінде актерлар қауымдастығының Израиль режимінің Палестина жері мен өмірінің ондаған жылдар бойы басып алуының адам құқықтарының ашық түрде бұзылуына қарсы үнсіздігі сынға алынған.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдарынан 41 мыңнан астам палестиналық шәһид болып, 95 мыңнан астамы жараланған.