Еуропарламент мүшесі: Америка мен оның одақтастары Украинадағы соғысты әскери өнеркәсіп үшін жалғастырады
(last modified Thu, 19 Sep 2024 13:21:53 GMT )
Қыр 19, 2024 19:21 Asia/Almaty
  • Еуропарламент мүшесі: Америка мен оның одақтастары Украинадағы соғысты әскери өнеркәсіп үшін жалғастырады

Ирландияның Еуропарламенттегі өкілі: "Еуропалықтар мен Америка Украина соғысында НАТО деген лаңкестік ұйымға жаңа өмір сыйлады",- деді.

Ирландияның Еуропарламенттегі өкілі «Майк Уоллес» НАТО-ны қатты сынға алды. Parstoday хабарлауынша, ол Twitter-де былай деп жазды: "Еуропалықтар мен Америка Украинада бейбітшілік орнағанын қаламады, олар НАТО деп аталатын лаңкестік ұйымға жаңа өмір сыйлағысы келді, олар әскери өнеркәсіп кешенін тамақтандыруды көздеді, ал Украина ең жақсы нұсқа болды".

Украинадағы соғыс 2022 жылдың 24 ақпанында Батыстың Мәскеудің қауіпсіздік мәселелеріне назар аудармауынан және НАТО күштерін Ресей шекарасына жақын жерде кеңейтуінен кейін басталды.