Сейф Халықаралық банк және қаржы конференциясында сөз сөйледі
https://itolqyn.com/news/world-i7882
ИИР Орталық банкінің директоры Иранға қатысты банктік кедергілерді жоюды сұрады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 20, 2016 20:39 Asia/Almaty
  • Сейф Халықаралық банк және қаржы конференциясында сөз сөйледі

ИИР Орталық банкінің директоры Иранға қатысты банктік кедергілерді жоюды сұрады.

ИРНА-ның мәліметінше, Иранның Орталық банкінің директоры Валиолла Сейф бейсенбі күні Лондонда «Иранның әлемдік қаржы қоғамына қайтадан қосылуы» атты конференцияда: «Қарсы тараптар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерді іске асыру саласында Иранға қатысты банктік кедергіліктерді жоюға шынайы шаралар қолдануы керек»,- деді.

Сейф батыстықтардың Иранның әлемдік экономикаға оралуын жеңілдету әрекеттерін қажетті деп қуаттап: «Ядролық мәселеге қатысты келіссөздерге қатысқандар банктік кедергілер туралы толық хабардар болды. Олардың ахлақтық міндеттері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындау. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бойынша батыстық тараптар алғашқы қадамдарын жасады. Бұл талпыныстар іс жүзінде алға ілгерілеуі керек»,- деп баса айтты.

Ұлыбритания Қаржы министрінің орынбасары да конференцияда Иранмен арадағы банктік қарым-қатынастардағы кедергілерді жоюды қуаттап: «Лондон бұл кедергілерді жою үшін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауға дайын»,- деді.