Американың эмбарго саясаты елдердің беделі мен прогрессін әлсірету құралы болып табылады
(last modified Sat, 26 Oct 2024 12:52:15 GMT )
Қаз 26, 2024 18:52 Asia/Almaty
  • Американың эмбарго саясаты елдердің беделі мен прогрессін әлсірету құралы болып табылады

ParsToday- Американың әртүрлі талаптармен кейбір елдерге қарсы санкциялар қолдану саясаты бұл елдің біржақтылығының табиғатын барлығына айқынырақ етті.

ParsТoday-дің Mehr ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ-тың Қаржы министрі Джанет Йеллен келесі аптада Вашингтон Ресейдің әскери күштері мен Украинадағы әрекеттерін нығайтуға көмектесетін үшінші елдерге қарсы «қатаң жаңа санкциялар» салатынын мәлімдеді.

Американың Ресейге қарсы санкциялық саясаты бұл ел Израильдің Газа мен Ливандағы қылмыстарын қолдап, Англиямен бірге өткен жылы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кабинетіндегі экстремистік министрлерге санкция салуды бірнеше рет мәлімдеген уақытқа келір отыр.  Бұл уәждер әлі орындалмаған.

Сонымен қатар, АҚШ Иранға қарсы кейбір ұстанымдарын қайталай отырып, Иранның қару-жарағын дамыту мен Қытай армиясын жаңғыртуға қолдау көрсеткені үшін алты қытайлық компанияны экспорттық қара тізімге қосты.

АҚШ Сауда министрлігі "бұл компаниялар Теһранның қару-жарақ бағдарламасы мен Қытай армиясын қолдау арқылы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қарсы әрекет етуде" деп мәлімдеді.

Басқа жағынан, АҚШ Сауда, өнеркәсіп және қауіпсіздік министрлігі де экспорттық бақылау заңдарын бұзды, қару-жарақ пен ұшқышсыз ұшу бағдарламаларын дамыту деген сылтаумен Пәкістанның тоғыз ұйымын қара тізімге қосып, оларға тыйым салды.

Өткен айда АҚШ-тың кейбір қытайлық компаниялар мен азаматтарды Исламабадтың зымырандық бағдарламаларына қатысты заттарды қамтамасыз еткені үшін санкциялаудағы бұрынғы әрекетіне реакция білдіріп, Пәкістан былай деп мәлімдеді: "Вашингтонның бұл әрекеті ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық режимдерге деген екі жақты көзқарасын көрсетеді және Пәкістан мұны саяси себептермен біржақты деп санайды".   

Америка Құрама Штаттары мен Батыс елдері Ресейге соққы беру мақсатында Украинаға қару-жарақ қолдауын жалғастырып жатқанда, Вашингтон Украинадағы соғысқа байланысты санкцияларды бұзғаны үшін үш Әмірлік институты мен бір Мысыр мекемесін қара тізімге қосты.

Әскери санкциялардан басқа, АҚШ-тың әртүрлі елдердің халқына қарсы басқа да санкциялары жалғасуда. Мысалы, Кубаға қарсы санкциялар бұл елдердің халқын бірнеше күн бойы электр қуатының сөндірілуімен бетпе-бет әкелді. Кубаның сыртқы істер министрі Бруно Родригес X әлеуметтік желісіндегі өзінің пайдаланушы аккаунтында бірқатар хабарламалар жариялап, Американы аралдың энергетикалық мәселелеріне жауапты басты тұлға деп атап, былай деп баса айтты: «Небәрі 18 күн ішінде АҚШ-тың санкцияларынан келген шығын ұлттық электр жүйесін ұстауға кететін жылдық шығынға тең». Родригестің айтуынша, егер Вашингтонның Гаванаға қарсы санкциялары болмаса, Кубаға электр қуатының үзілуімен  бетпе-бет келмес еді.

Тегтер