Африкалық орган БРИКС-тен Израильдің зұлымдықтарын тоқтатуды сұрайды
(last modified Tue, 29 Oct 2024 11:41:57 GMT )
Қаз 29, 2024 17:41 Asia/Almaty
  • Африкалық орган БРИКС-тен Израильдің зұлымдықтарын тоқтатуды сұрайды

ParsТoday- Африкалық бейбітшілікті көздейтін ұйым БРИКС-ті Газа секторындағы Израильдің зұлымдықтарын тоқтататын жалғыз сенімді ұйым ретінде таныстырып, осы топ мүшелерін нық және айқын ұстанымға шақырды.

ParsToday агенттігінің African Blueprint жаңалықтар сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, бұл мәлімдемеде халықаралық институттардың Газадағы бейбіт тұрғындарға қолдау көрсету және халықаралық заңдарды орындаудағы сәтсіздігі баса айтылды.

PeacePro компаниясының атқарушы директоры Абдулразақ Хамзат Нигерияда жарияланған бұл мәлімдемесінде БРИКС-ті Израильді басып алынған аумақтардағы әрекеттері үшін жауап беруге шақырды.

Хамзат БҰҰ Бас ассамблеясының қарарларына мән бермеу, Қауіпсіздік Кеңесінің немқұрайлылығы және Халықаралық қылмыстық сот әрекеттерінің әлсіреуіне өкініш білдіріп, жаһандық институттардың халықаралық заңдардың орындалуына қолдау көрсете алмағанына тоқталды.

Ол былай деп қосты: «Қазіргі жағдайда моральдық беделі мен әрекет ету қабілеті бар жаһандық институт қалмады. «БРИКС бұл шақыруды қабылдауы керек, әйтпесе бұл әділет пен бейбітшілік орнатудың жаһандық сәтсіздігіне ықпал етеді».