Түркияның сионистік режимге Иранға қарсы авантюризмнің салдары туралы ескертуі
(last modified Tue, 05 Nov 2024 15:47:23 GMT )
Қар 05, 2024 21:47 Asia/Almaty
  • Түркияның сионистік режимге Иранға қарсы авантюризмнің салдары туралы ескертуі

ParsToday - Түркияның Сыртқы істер министрі сионистік режимді осы режимнің Иран Ислам Республикасына қарсы кез келген авантюрасының қауіпті салдары туралы ескертті.

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан жексенбі күні Hurriyet газетіне берген сұхбатында басқыншы режимнің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың соғысқұмарлығы және АҚШ сайлауынан кейін Иранның ядролық нысандарына қарсы ықтимал авантюрасы туралы ескертіп: «Мұндай әрекет болған жағдайда соғысты басқа елдерге тарату қаупі бар»,- деді.

ParsToday-дің  IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Фидан Газадағы соғыстың дамуы туралы: «Израильдің басты мақсаты Газада тұратын палестиналықтарды Мысырға, Иордан өзенінің батыс жағалауындағы тұратын палестиналықтарды Иорданияға күшпен көшіру. Мұндай сценарийді жүзеге асыруға тырысу аймақты одан да көп толқуларға әкеледі»,- деп мәлімдеді. Түркия Сыртқы істер министрі Нетаньяхудың өткен жылы Палестина қарсыласуымен келіссөздердегі сәтсіздігіне тоқталып: «Израиль өзінің әскери мақсаттарын жүзеге асыру үшін уақыт ұту үшін келіссөздер мүмкіндігін пайдалануда»,- деп айтты.

Сионистік режим мен Хамас арасындағы атысты тоқтату келіссөздерінде ілгерілеушілікке қол жеткізілгенін білдірген Фидан келіссөздердегі Палестина қарсыласуының мақсатын осы режимнің қылмыстарын қайтымсыз тоқтату деп жариялады.

Иран Ислам Республикасы сионистік режимнің кез келген авантюриялық әрекетіне қатаң жауап берілетінін жариялады.