Израиль армиясындағы жалдамалы британдық сарбаздың Хизболла күшіне деген қорқынышы мен таңданысы
ParsТoday - Ағылшын солдаты Израиль армиясындағы жалдамалылардың ауыр жағдайын сипаттады.
Ағылшындық «Таймс» газетінің мойындауынша, бұл елдің азаматтары Ливандағы Хизболлаға қарсы соғысқа сионистік армияға қатысуда.
ParsТoday-дің Mehr ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, сионистік армия құрамында болған британдық сарбаз Ливан Хизболла қозғалысының күштерімен соғысудың қорқынышты түс сияқты екенін мойындады.
Бұл британдық азамат Оңтүстік Ливанда болған күндері өмір мен өлім арасында күрескенін айтты.
Израиль армиясындағы британдық жалдамалы сарбаз Йосси Ливан Хизболласының жауынгерлерінің жоғары қорғаныс қабілетіне тоқталып, осы елдің оңтүстігінде болған күндері үш сағаттан артық ұйықтамағанын, оқ өтпейтін киімдері мен етігін бір сәтке де шешпегенін айтты. Ол Хизболла күштерінің жақсы және күшті екенін мойындады.
Осы британдық сарбаздың айтуынша, Израиль армиясының Оңтүстік Ливандағы экспедициялық бөлімшелерінің бірінде ғана 2000 сионистік сарбаз болған, бірақ олардың кейбірі Хизболланың зымырандары мен ұшқышсыз ұшақтарының шабуылдары салдарынан қаза тапқан.
Сионистік режимнің Israel-Alma орталығы баяндамасында: «2024 жылдың қазан айында Хизболланың Ливандағы шабуылдары бір жыл бұрынғымен салыстырғанда төрт есе артып, бір айда 1158 шабуылға жетті»,- деп мәлімдеді.