«Израильдің тауарларына санкция салу» атты әлемдік науқан жүріп жатыр
(last modified Sat, 21 May 2016 09:22:07 GMT )
Maм 21, 2016 15:22 Asia/Almaty
  • «Израильдің тауарларына санкция салу» атты әлемдік науқан жүріп жатыр

Еуропаның 350-ден астам тобы Еуроодақты Израильді адам құқығын бұзу фактілері бойынша айыпты деп танып, «Израильдің тауарларына санкция салу» әлемдік науқанына қосылуға шақырды.

Press TV телеарнасының жұма күнгі хабарлауы бойынша, Еуропа құрлығы, соның ішінде Франция, Германия, Норвегия мен Бельгиядағы адам құқығын қорғау және жәрдем беру ұйымдары, шіркеулерді қолдау топтары, сауда одақтары мен саяси партиялар осы үндеуге қол қойған 352 топтың қатарына жатады.

Бұл топтар өз хатында, сондай-ақ, Еуроодақты BDS деп аталатын «Израильді оқшаулау, санкция салу және оған инвестиция салудан бас тарту» науқанына қатысушы адамдар мен ұйымдарды қорғауға шақырды.

Бұл науқан сионистік режимнің заңдылығына күмән келтіріп, оның барлық тауарларына санкция салуға талпыныс жасап жатыр.