Германия зиялылары Берлиннің Израильді қолдауына қарсы
ParsToday - Германиядан және әлемнің басқа елдерінің жүздеген зиялылары мен ғалымдары Германия үкіметінің Израиль режиміне қолдау көрсетуін айыптаған хатта Берлиннің көзқарасын тоқтатуды талап етті.
Германиядан және әлемнің басқа елдерінің 500-ден астам зиялылары мен ғалымдары ашық хатта Германия үкіметінен Израиль режиміне қолдау көрсету ұстанымдарын қайта қарауды сұрады.
ParsТoday агенттігінің хабарлауынша, Германия парламентінің барлық мүшелеріне жолданған бұл ашық хатта: «Бір жылдан астам уақыттан бері Германия үкіметі палестиналықтарды өлтіруге және адамдық ар-намысына нұқсан келтіруге белсенді түрде атсалысып, Израиль режиміне саяси, қаржылық, әскери және құқықтық қолдау көрсетуде»,- деп айтылды.
Бұл хатқа Дебора Фельдман (неміс-американ жазушысы), Томас Пикетти (француз экономисі), Амира Хаас (израильдік журналист), Раз Сегал (израильдік тарихшы) және Майкл Баренбойм (француз-неміс музыкатанушысы) қол қойған.