Малайзияның тұлғалары мен зиялылары ДАИШ үкіметін талқандаған ирандық қолбасшы туралы не айтты?
(last modified Thu, 02 Jan 2025 12:35:48 GMT )
Қаң 02, 2025 18:35 Asia/Almaty
  • Малайзияның тұлғалары мен зиялылары ДАИШ үкіметін талқандаған ирандық қолбасшы туралы не айтты?

ParsToday – Малайзиялық ойшылдар мен сарапшылар Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің бұрынғы қолбасшысы, шейіт генерал-лейтенант Хадж Қасем Сүлейманидің тапқырлығы, қарсыласуы мен батылдығына сілтеме жасай отырып, осы жоғары дәрежелі шәһидтің Батыс Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті орнатудағы шешуші және тиімді рөлін құрметтеді.

Малайзияның ғалымдары мен сарапшылары генерал-лейтенант Қасым Сүлейманидің қаза тапқан күнін еске алу кезінде Куала-Лумпурде Ислам Республикасының радиосына берген сұхбаттарында осы құрметті шаһидтің даналығы, төзімділігі мен батыл күресі туралы айтты: «Генерал Сүлейманидің Батыс Азия аймағында халықаралық әскери стратегиялық ось ретінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті орнату үшін ДАИШ пен лаңкестік экстремистерге қарсы соғысқа қатысуы осынау жоғары дәрежелі шейіттің бүгінгі қауіпсіздіксіз әлемде қаһарман және кейіпкер, терроризмге қарсы тұрудың символға айналдырды». 

Малайзияның Исламдық үкіметтік емес ұйымдар кеңесінің басшысы Мұхаммад Азми Абдул Хамид шәһид Сүлейманиді еске алып: «Батыс Азия аймағындағы осы күндердің өрлеуі мен құлдырауын ескерсек, бұл шәһидтің лаңкестікпен күрестегі рөлі мен ерекше орны баршаға айқын әрі айқын болды»,- деп айтты.

Мұхаммад Азми Абдулхамид былай деді: «Трансаймақтық қаһарман ретінде Сириядағы бірнеше жыл соғыс кезінде Сардар Сүлеймани сенімнің, адалдықтың және тапқырлықтың күшімен Америка мен Батыстың қолдан өсірген элементі ДАИШ-ті басып тастады және сионистік режимге қатысы бар американдық қастандықтарды да сәтсәздікке ұшыратты».  

Малайзияның Исламдық қайта өрлеу қозғалысының басшысы Ахмад Фаруқ Мұса да: «Америка шын мәнінде сионистік режимнің азғыруымен шәһид Сүлейманиді өлтірді»,- деді. Ахмад Фарук Мұса былай деп қосты: «Шәһид Сүлейманиге қарсы қастандық америкалықтардың екіжүзділігін әшкереледі. Өйткені олар бір жағынан ДАИШ-ке қарсы соғысамыз десе, екінші жағынан осы лаңкестік топтың шабуылына қарсы тұрған жалғыз адамды өлтірді». Малайзияның Исламдық қайта өрлеу қозғалысының басшысы: «Бұл заңсыз және халықаралық құқыққа қайшы әрекет аймақтағы экстремистік топтардың көмегімен бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуды бұзу арқылы бүгінгі күнге дейін аймақтың тұрақсыздығына себеп болды»,- деп сөзін жалғады.

Раджа Камал Бахрейн, Малайзияның Амана партиясының халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы, әскери сарапшылардың пікірінше, халықаралық әскери стратегиялық ось ретінде жоғары дәрежелі ирандық генерал шейіт Сүлейманидің ұрыс даласындағы әдептілігі мен парасаттылығын білдірді. Ол: «Шәһид Сүлейманидің бұл рөлі мен ерекше ұстанымын тіпті дұшпандар мен жек көрушілер де бірнеше рет мойындады»,- деді.  Раджа Камал Бахрейн былай деді: «Қарсыласу майданының ең үлкен жетістігі ретінде ДАИШ-тің жойылуымен қатар, Ирактың сөзсіз құлауының алдын алу сияқты басқа да табысьы оқиғалар шәһид Сүлейманидің жазбаларында жазылған».

Шәһидтер Қасым Сүлеймани мен Әбу Мәһди әл-Мухандис

 

Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы генерал-лейтенант қажы Қасым Сүлеймани 2020 жылдың 3 қаңтарында Ирак билігінің ресми шақыруымен осы елге барған кезде Ирактың «Әл-Хашд аш-Шаби» халықтық жұмылдыру ұйымы төрағасының орынбасары «Әбу Махди әл-Мухандис» және оның 8 серігімен бірге Бағдад әуежайы маңында америкалық басқыншы және лаңкестік күштердің әуе шабуылында шәһид болды.