Небензя: Америка - Батыс Азиядағы дағдарыстың себебі
ParsТoday- Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Тұрақты өкілі: Батыс Азияда бұрын соңды болмаған қазіргі дағдарыстың өршуі Американың алапат саясатының нәтижесі.
Василий Небензя, Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі: «Батыс Азиядағы дағдарыстар Вашингтонның сөзсіз әскери және халықаралық қолдауына ие болған Израиль режимінің бұрын-соңды болмаған әскери операцияларының нәтижесінде туындап отыр»,- деді. Бұл жоғары дәрежелі ресейлік дипломат: «Америка Құрама Штаттарының апатты саясаты қазір бүкіл Батыс Азия аймағын, оның бейбіт тұрғындарын және бітімгершілік күштерін қамтитын дағдарыстық жағдайды тудырудан басқа ештеңе әкелмеді»,- деп сөзін жалғады.
Дәл осы тұрғыда америкалық сенатор Берни Сандерс мәлімдемелерінде: «АҚШ Беньямин Нетаньяхуға қару жіберу арқылы Газада геноцид пен қылмыс жасауға қатысты»,- деп айтты. Американың саяси және әскери жәрдемімен сионистік режимнің Газа халқын қырғынға ұшыратуынан 15 ай өтті және Американың осы режимге қолдау көрсетуі әділет жақтастарының кең көлемде наразылықтарын тудырды.