Трамп тарифтік соғыстан не көздейді?
(last modified Sat, 25 Jan 2025 11:33:21 GMT )
Қаң 25, 2025 17:33 Asia/Almaty
  • Трамп тарифтік соғыстан не көздейді?

ParsToday - Бақылаушылардың пікірінше, АҚШ президенті Қытай мен Еуропаға қарсы сауда соғысын бастады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдегі екінші күні АҚШ-қа 1 ақпаннан бастап Қытайдан әкелінетін тауарларға 10 пайыздық баж салығын енгіземіз деп қорқытты.

ParsToday агенттігінің Tasnim агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Трамп Қытай тауарларына кез келген баж салығы фентанил есірткі препараттарының Мексика мен Канадаға жөнелтілуіне байланысты енгізілетінін алға тартады.

Ол сондай-ақ Еуропалық Одақ импортына осындай тарифтер енгізуді қарастырып жатқанын хабарлады.

АҚШ президенті: «Бізде Еуропалық Одақпен 350 миллиард долларлық сауда тапшылығы бар» деді. Олар бізге өте нашар қарайды, сондықтан олар тарифтерді күтуі керек.

Осыған байланысты Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мао Нин де АҚШ-тың жаңа президентінің Қытайға 10 пайыздық баж салығын енгізу қаупіне реакция білдіріп: «Біз әрқашан сауда соғысында немесе тарифтік соғыста жеңімпаздар жоқ деп сендік және Қытай өзінің ұлттық мүдделерін қорғауды берік ұстанады»,- деді.

Басқа жақтан Испания премьер-министрі Педро Санчес Швейцарияның Давос қаласында Дүниежүзілік экономикалық форум алаңында АҚШ президенті Дональд Трамптың Еуропа Одағына қарсы тарифтер енгізу қорқытуларын «нөлдік қосынды ойыны» деп атады.

Саяси сарапшылар АҚШ-тың жаңа президентінің ұстанымдары мен мәлімдемелері оның сауда серіктестеріне Вашингтонның еркін таңып, жаһандық экономикалық және сауда тәртібін бұзуға әрекет жасау ниетін көрсетеді деп санайды.