Атақты итальяндық режиссердің Иранға деген сүйіспеншілігі мен махаббаты
(last modified Sun, 02 Feb 2025 15:48:59 GMT )
Ақп 02, 2025 21:48 Asia/Almaty
  • Атақты итальяндық режиссердің Иранға деген сүйіспеншілігі мен махаббаты

ParsToday - Белгілі итальяндық режиссер Иранның мифтеріне деген қызығушылығы туралы айтып, ирандық өнерпаздармен ортақ туынды жасауға үміт білдірді.

Белгілі итальяндық режиссер Ромео Кастеллуччи 43-ші «Фаджр» театр фестивалінің «Ұлттар» бөліміне қатысып отырған ирандық өнерпаздармен онлайн сұхбатында аңыздар мен мифтердің әдебиеттен де көне екенін және мифтердің нышандарға толы екенін айтып: «Мен Иранды өте жақсы көремін және оның әдемі ескі аңыздары бар екенін білемін».

ParsToday ақпарат агенттігінің ISNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, итальяндық бұл танымал режиссер: «Иранның географиясы аңыздар мен мифтерге толы және мен ирандық режиссерлермен ынтымақтастық орнату мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын»,-деп қосты.

Мифтердің тек өткенге жатпайтынын және біздің күнделікті және қазіргі әлемде болып жатқан оқиғаларға сәйкес болуы мүмкін екенін айта келе, ол: «Кейде мифтер мен аңыздарды түсіну қиынға соғады, өйткені қазіргі өмір адамдарды үстірт етеді»,- деді.